Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет148/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

Ойыннан не түсіндіңіз?
1.  Биз нес -модель  дегеніміз  не?
2.  Оны қалай жа ңартпа лық етуге болады?
3.  Ол не үшін керек?
4.  Сіз таңдаған үлгі нені көр се теді?
5.  Он да ғы  биз нес -модель  не нің  есебінен  өзге-
реді?
6.  Сабақтың қорытындысын шығарыңыз: 
ойын нан  қандай  тұ жы рым  жасадыңыз?
102
2
-бөлім. 
Заманауи жағдайдағы кәсіпкерлік


«SAMSUNG» БИЗНЕС- 
КЕЙСІ
Табыстылық тарихы
Бәлкім, бүгін Samsung логотипін білмей тін не-
месе оның өнімдерін бірде-бір рет пайдаланба-
ға н адамды табу қиын шығар. Қа зір гі уақытта 
Samsung әлемдегі ең ірі компаниялар рейтингін-
де 15 орынды, ең қымбат брендтер тізімінде 10 
орынды, қосалқы жаб дық тарды өндіруші ре тін-
де 1 орынды иеленді. Компьютерлік техно ло гия-
лармен айналысатын компания лар дың арасында 
Samsung-тен Apple ғана озды.
1960 жылдары компания биз нес і тек тоқыма 
фабрикасы және қант зауыты болғанына сену 
қиын. Оңтүстік Кореядан шыққан шағын от-
басылық биз нес әлемді қалай мойындатты?
Samsung компаниясының тарихы 1938 жылы 
басталды, оның негізін қалаушы Ли Бён Чхоль 
күріш ұнын өндіре бастады. Біртіндеп компания 
қант пен кептірілген балықты жеткізіп берумен 
айналысты. Кореядағы соғыс кезінде барлық 
Samsung қоймалары мен зауыттары өртенді. 
Бірақ жинақталған ақшаға Ли Бён жаңа тоқыма 
зауытын, қант зауытын және сақтандыру компа-
ниясын ашты.
Корея соғысынан кейін ел қиын экономикалық 
жағдайға тап болды: тіпті елордада электр 
жарығы сағатпен берілді, су ағыны болмады, ор-
таша жан басына шаққандағы табыс 80 доллар-
дан аспады.
Корея үкіметі елде индустрияны және экс-
портты дамыту туралы шешім қабылдады: 
сыртқы несиелерге шикізат пен заманауи техно-
логиялармен сатып алынды, түскен табыспен не-
сие қайтарылып отырды, жаңа шикізат пен тех-
нологиялар сатып алынды.
Экономиканы көтеру үшін, елде болмаған 
ірі корпорациялар қажет болды. Сондықтан 
үкімет елдегі ең көрнекті кәсіпкерлердің 30-
ын таңдады, оларға мемлекеттік несиелер мен 
қарыздар берілді, оларды мемлекеттік тап-
сырыстармен қамтамасыз етіп, заңды және 
салықтық жеңілдіктер ұсынды. Кореядағы биз-
нес отбасылық бизнес болғандықтан, мұндай 
компанияларға «чеболдар» («ақшалы отбасыла-
ры») деген атау берілді. Әрбір чеболдың өз бағыты 
болды — Daewoo автомобильдерді, Goldstar (LG) 
— тұрмыстық техника, Hyundai — құрылыс және 
Samsung — электроника өндірісін бастады.
1990-шы жылдары Samsung арзан тұ 
тыну 
электроникасын  өндіруші  ре тін де  на рық та  өзін-
өзі нығайтты және басқалармен қатар оны ше-
телге жеткізді. 1997 жылғы дағдарыс нә тиже сінде 
компания өзі нің жұ мыс күші нің үштен бір бөлігін 
қысқартуға мәжбүр болды, шы ғын мен жұ мыс жа-
сайтын кәсіпорындарды сатты және осылайша 
қарыздарды бөлді. Компания алдында таңдау 
тұрды. Осыған дейін оның стра тегия сы қымбат 
емес техниканы көп мөл ше рде өндіруге тиіс еді. 
Бірақ арзан қол жұ мыс шы ла ры бар Қытайлық 
компаниялармен бә се ке ге түсу қиындай баста-
ды. Көлемге жұ мыс істеуді жалғастыра берген-
де, компания біраз уақыт на рық та қала алар еді, 
бірақ та быс қа жетуі екіталай болатын. Samsung-
тің жағ дай ы қиын болды.
1980 жылдардың соңында компания бас шы-
лығы Ли Бунның ең кіші ұлы Ли Гон Хи-  дің қолына 
өтті. 1993 жылы ол әртүрлі елдер дің дүкен сөре-
ле рінде қандай электронды та уар лар тұрғанын 
және Samsung өнімдері 
нің о 
лар 
дың арасында 
қандай орынға ие болып тұрғанын өз көзімен 
•  Заманауи инновациялардың бизнесті кеңейтуге, табысына, компания 
танымалдығы мен имиджіне қалай әсер ететінін қарастыру
26
103


көру үшін әлемдік турнеге ат тан ды. Аралап көрген 
жағ дай оған ұнамады. Содан кейін ол 1993 жылы 
Франкфуртта  жүздеген  Samsung  қыз мет кер ле рін 
жинады, олар бүкіл әлемдегі компанияның кеңсе-
ле рінде басшылық лауазымдарда болды және 
олармен бірге үш күн өткізді, Samsung болашағын, 
компанияны трансформациялауды және та быс-
қа жету жолдарын айтып берді. Адамдар кеш-
ке ұйықтауға ғана қайтатын. Кездесу дің басты 
тақырыбы: «Әйелің мен балаңыздан басқаның 
бәрін өзгерту керек» деген басты 
ұстаным болды. Содан кейін осы үш 
күн нің нә тиже сі 200 беттік кітапқа 
айналды, бұл кітапты компания 
қыз мет кер ле рі нің  барлығы  алды! 
Оқи алмайтындар үшін арнайы су-
реттермен берілген комикстер жа-
салды. Сол сәттен бастап компания 
өзі нің  биз нес -моделін,  корпоратив-
тік  құ ры лым ын,  мақсатын,  логотипін, 
жалпы барлығын трансформациялау-
ды бастап кетті.
1-тапсырма
Ойлап көрі ңіз ші, Ли Гон Хи Сеул да ғы кеңсесін 
тас тап неге саяхатқа ат тан ды ? Бұл оған не бер-
ді? Сіз дің ойыңызша, осындай на рық тық зерттеу-
лер жүр гізу биз нес мен үшін қажет пе?
2-тапсырма
Сіз дің ойыңызша компания стра тегия сы неге 
кітап болып басылып шықты? Неге ол кітапты Ли 
Гон Хи тек басшылармен ғана шектелмей, барлық 
қыз мет керлерге  таратты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет