62
3. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ГЕНЕТИКАЛЫҚ
ҰҒЫМДАР
Тұқым қуалаушылыққа талдау жасағанда көптеген ұғымдар, тер-
миндер мен символикалар жиі қолданылады. Генетикада көп қолда-
нылатын ұғымдардың қатарына «белгі», «қасиет» деген ұғымдар
жатады. Ол ұғымдар бір ағзадан екінші ағзаны ажыратуға болатын
морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жəне т.с.с. басқа да
ерекшеліктерді білдіреді.
Жынысты көбеюде жұп белгілердің тұқым қуалауына
генетикалық талдау жасау үшін əртүрлі жынысты екі ағзаны бу-
дандастыру керек. Сол мақсатта алынған ата-аналық ағзаларды
латынның
Р
əрпімен
(
латынның
Parent –
ата-ана деген сөзінің
бірінші əрпі
)
белгілейді. Генетикада будандастыруды көбейту – Х
белгісімен көрсетеді. Будандастыру сызбасын жазған кезде бірінші
орынға аналық ағзаны, ал екінші орынға аталық ағзаны жазады да,
екі аралығына будандастыру белгісін қояды. Аналық жынысты Шол-
пан айнасы белгісімен ♀, аталық жынысты Марс қалқаны жəне най-
засы белгісімен ♂ белгілейді. Альтернативті белгілері бар екі ағзаны
будандастырудан алынған ұрпақты будандық
немесе
гибридтік
ұрпақ деп, ал оның жекелеген дарабастарын – будан немесе гибрид
деп атайды. Ықшамдылық үшін будан ұрпақты Ғ əрпімен (латынның
Filia
– ұрпақ деген сөзінің бірінші əрпі) белгілейді, ол əріпке ин-
декс қойылады жəне ондай индекс гибрид ұрпақтың реттік нөміріне
сəйкес келеді Ғ
1
, F
2
жəне т.б.
В. Иогансен 1909 жылы ғылымға «ген», «генотип» жəне «фено-
тип» деген ұғымдарды енгізген. Хромосоманың белгілі бір бөлігінде
орналасқан, тұқым қуалайтын белгі – қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа
жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі
ген
деп аталады (ол гректің
genos
– тұқым, тек деген сөзінен шыққан).
Ген доминатты не рецессивті болуы мүмкін.
Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын
генетикалық ақпарат болады. Бір ағзаның гендер жиынтығы оның
генотипін құрайды. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады жəне əрбір жеке
жасушадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының
үзіндісі түрінде емес, хромосома құрамында болады. Жасушаның
63
бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді жəне жаңа түзілген
жас жасушалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының
көшірмесін алады. Соның нəтижесінде жасушаның барлық белгілері
немесе қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды.
Əртүрлі ағзалардағы геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид
негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мысалы,
жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы
5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы – 200, ішек
бактериясы – 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000-
500000 гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендель ағза
белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын жəне будандастыру кезінде
ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Жасушадағы
белоктың синтезделуі жəне олардың қарым-қатынасы туралы
ақпарат тек гендерде болады, яғни əрбір ген белгілі бір белоктың
немесе полипептидті тізбектің синтезіне жауапты. Белок синтезін
бақылай отырып, ген ағзадағы барлық химиялық реакцияларды
басқарады, яғни оның белгілерін (мысалы, шаштың түсін, қанның
тобын, өсуді жəне т.с.с.) анықтайды. Гендер өзінде болатын фер-
менттер құрылымы жəне басқа жасушалық белоктар туралы
ақпарат есебінен жасушалық метаболизмге бақылау жасайды. Ал
ферменттер тірі ағзаларда жүретін барлық химиялық реакциялар-
ды басқаратын биокатализатор рөлін атқарады. Геннің құрылымы
мен қызметін ген мен ферменттер арасындағы өзара байланысты
əрі қарай тереңдете зерттеудің нəтижесінде “бір ген – бір полипеп-
тид” деген ұғым тұжырымдалды. Геннің қызметі туралы қазіргі
көзқарастың қалыптасуына Америка ғалымдары Д. Бидл, Э. Тейтем
(Татум) жəне С. Бензер жүргізген зерттеулердің əсері көп болды.
Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді
аллело-
морфты
жұп деп, ал жұп болып келу құбылысын
аллеломорфизм
немесе
аллелизм
деп атайды. Əр ген екі түрлі жағдайда болады жəне
олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың əр мүшесі аллель деп аталады.
Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын
алфавитінің əріптерімен көрстеуді ұсынылады. Мысалы, А жəне а,
В жəне в т.с.с. Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас
бөлімінде орналасады, ал олардың орналасатын орнын
локус
деп
атайды. Гомологты жұп хромосоманы хромосомасыз көрсеткенде
АА, Аа
жəне
аа
деп жазылады.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын зигота
деп атайтыны
белгілі. Егер зигота бірдей аллельдерді бар жыныс жасушаларының
64
қосылуынан түзілсе, онда зиготаны
гомозигота
АА, аа, ВВ деп,
ал əртүрлі аллельдері бар екі жыныс жасушасының қосылуынан
түзілсе, онда
гетерозигота
Аа, Вв, Сс дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |