49
гаметангиге айналады. Көп жасушалы балдырларда бір-біріне ұқсас
бірнеше жасушалар тобы гаметангий түзеді, мысалы, улотрикстер.
Конъюгат балдырларға, мысалы, спирогираға конъюгация тəн.
Көлемі əртүрлі талшығы бар гаметалардың қосылуын
гетерогамия
,
талшығы бар, талшығы жоқ гаметалардың қосылуын
оогамия
деп
атайды. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер оогамды, бірақ олар-
да ұрықтану əртүрлі жүреді. Бұлардағы гаметангилер – антеридий
немесе аталық жəне архегоний көп жасушалы болады.
Жұмыртқа
жасушасы архегониде біреуден, ал сперматозоидтар антеридий
көптеп түзіледі. Мүк жəне қырыққұлақ тəрізділерде ұрықтану үшін
сулы орта керек, яғни антеридиден шыққан сперматозоид архегони-
ге құйылады. Ашылған, ұрықтануға дайын, архегонийдің төбесінде
шырыш бөлінеді. Онымен сперматозоид жұмыртқа жасушасы-
на жетіп қосылады. Тұқымды өсімдіктерде антеридий болмайды.
Кейбір ашықтұқымдыларда жəне
барлық жабықтұқымдыларда ар-
хегоний болмайды жəне жұмыртқа жасушасы аналық өскіншеде
болады. Тұқымды өсімдіктерде ұрықтану тек тозаңданудан кейін
ғана жүзеге асады. Спермия түзетін тұқымды өсімдіктерде спер-
миялар тозаң түтігі арқылы жұмыртқа жасушасына жылжиды.
Жабықтұқымдыларда қосарлы ұрықтану жүреді, яғни бір спер-
мия жұмыртқа жасушасымен, ал екіншісі ұрық қапшығындағы
орталық жасушамен қосылады. Адам мен жануарларда ұрықтану екі
жыныстық гаметалардың қосылуымен
немесе сингамиямен сипат-
талады. Бұларда ұрықтанудың екі маңызы айрықша көрінеді:
1) спермияның жұмыртқа жасушасымен қосылуы жұмыртқа
жасушасын тыныштық күйден дамуға итермелейді;
2) гаплоидты жұмыртқа жасушасы мен спермия ядроларының
қосылуы немесе кариогамия аталық жəне аналық тұқым қуалау
факторларын біріктіретін диплоидты синкарионның пайда болуына
əкеледі.
Осындай ұрықтанудан пайда болған жаңа гендер жиынтығы
генетикалық əртүрлілікті тудырып, табиғи сұрыптауға жəне түрдің
эволюциясына əсерін тигізеді. Ұрықтану ең алдымен мейоз кезінде
жүретін хромосома санының екі есеге кемуімен сипатталады.
Мұндай бөліну аталықтарда спермия түзілгенге дейін жүзеге асады.
Жұмыртқа клеткасының пісіп жетілуі мен ұрықтану əртүрлі жануар-
ларда əртүрлі болады.
Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының
қосылуы негізінен
ата лық гаметаның суға немесе аналық жыныс жолына шыққанда
4–1156
50
жүзу қозғалысымен іске асады. Гаметалардың кездесуіне спермия-
лардың қозғалысын жақсартатын жұмыртқа жасушаларынан бөлі-
нетін гормондар əсер етеді. Сперматозоидтар ретсіз жылжиды жəне
жұмыртқа жасушаларымен кездейсоқ соқтығысуы нəтижесінде
қосылады. Пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы қабықшамен қор-
шалып жатады, кейбір жануарларда
микропиле
немесе спермия
енетін тесік болады, бірақ жануарлардың көпшілік түрінде мик ро-
пиленің
орнына
акросома
немесе сперматозоидтың арнайы орга-
ноиды болады. Акросома ашылған жерде жұмыртқа жасушасының
плазматикалық мембранасымен спермияның мембранасы қосылады
да, акросомды жіпше немесе түтікше құрады. Жануарлардың
түріне қарай бұл жіпшенің ұзындығы 1-90 мкм жəне жұмыртқа
жасушасының қалыңдығына байланысты. Спермиялары микро-
пиле арқылы енетін жануарларда мысалы, жəндіктер,
басаяқты
моллюскалар, бекіре жəне сүйекті балықтарда, акросома өзінің
алғашқы қызметін жоғалтады, кейде олар редукцияға ұшырайды
не кейбір сүйекті балықтарда мүлдем жойылады. Сүтқоректілерде
овуляцияға
немесе пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасының жа-
тыр түтігіне өту үрдісіне ұшыраған жұмыртқа жасушасы бірнеше
қабат фолликулярлы жасушаларымен қоршалып жатады. Жылқы,
сиыр, қойларда фолликулярлы жасушалар овуляциядан кейін ыды-
рап, спермиялар жұмыртқа жасушасы қабығының үстіне
еркін
жетеді. Сүтқоректілердің көпшілік түрінде фолликулярлы жасуша-
лар бірнеше сағат аралығында сақталады. Бұл кедергіден өту үшін
спермиялар гиалуронидаза ферментін бөледі. Бұл фермент акросо-
мада болады. Ол фолликулярлы жасушаларды өзара байланыстырып
тұрған затты ерітеді. Ағзада спермиялардың эякуляциясы жүргеннен
кейін ол фермент бөлуге қабілетсіз болады. Мұндай қажеттілік
аналық жыныс жолдарында кейбір физиоллогиялық өзгерістердің
əсерінен туындайды, мұны
капацитация үрдісі
деп атайды.
Партеногенез
– (гр.
Parthenos
-тың, genesis – шығу, пайда болу)
жыныстық көбеюдің бір түрі, көптеген өсімдік жəне жануарлар
ағзаларына тəн, мұнда аналық жыныс жасуша
жаңа дарабасқа аталық
гаметамен ұрықтанбай дамиды. Көптеген бунақденелілерде, олар-
дың ішінде жарғаққанаттыларда немесе аралар мен құмырсқалар -
да гаплоиды партеногенез байқалады, ал өсімдіктерден күрделі
гүлділер, раушангүлділер, астық тұқымдастыларда кездеседі.
Олардың аналық жəне аталықтарында гаплоиды гаметалар
түзіледі. Кейбір аналық жұмыртқа жасушалар ұрықтанып, олардан
51
диплоиды аналық дарабастар, ал ұрықтанбаған
жұмыртқа жасу-
шалардан фертильді гаплоидты трутеньдер немесе аталық ағзалар
дамиды. Трутеньдердің аналық жыныс жасушаны ұрықтандыра
алатын сперматозоидтары мейоз жолымен емес, митоз арқылы іске
асады.
Достарыңызбен бөлісу: