Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет81/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

Бірінші тип
 – 
Ligaeus (су қандаласы).
 Дрозофиланың, көптеген 
басқа да жануарлардың, адамның жынысы осы типке жататын жы-
ныс хромосомаларымен анықталады. Генетикалық тұрғыдан өте 
жақсы зерттелген жеміс шыбыны – дрозофиланың хромосомалар 
жиынтығымен танысайық.
Дрозофиланың аталықтарының дене жасушаларында төрт жұп 
құрайтын егіз хромосомалары болады. Оның үш жұбы бірдей, 
ал төртінші жұбының 
Х хромосома
 деп аталатын біреуі таяқша 
тəріздес, ал 
У хромосома
 деп аталатын  екіншісі ілмек тəріздес  бо-
лады. Аналықтарының дене жасушаларында да сегіз хромосома-
дан болады. Оның үш жұбы аталықтардағы үш жұппен бірдей, ал 
төртінші жұбы екі Х хромосомадан тұрады жəне аталықта болатын 
жалғыз Х хромосомаға ұқсас болады. Екі жыныс дарабастарын-
да да бірдей болатын хромосомаларды 
аутосомалар
, ал Х жəне 
У хромосомаларды 
жыныс хромосомалары
 деп атайды. Аутосома-
ларды əдетте А əрпімен белгілейді. Осы белгілерді пайдалана оты-
рып, дрозофиланың аналықтары мен аталықтары формулаларын 
мынадай етіп жазуға болады:
                     ♀ = 6А + ХХ                 ♂ = 6А + ХУ
Аналығының төрт жұп хромосомаларының бəрі бірдей болған-
дықтан, оның жұмыртқасында біртиптес төрт хромосома (3А+Х) 
бо 
лады. Аталықтарының жыныс жасушалары
 гетероморф 
ты
 
болғандықтан оның 
спермияларының
 жартысында Х хромосома 
(3А+Х), ал жартысында У хромосома (3А+У) болады. Жыныс хро-
мосомалары жөнінен бірдей гаметалар беретін жынысты  
гомога-
металы, 
ал жыныс хромосомалары екі типтес гаметалар беретін 


132
жынысты 
гетерогаметалы
 жыныс деп атайды. ХХ – гомогаметалы 
аналық жыныс, ал ХУ – гетерогаметалы аталық жыныс.
Егер жұмыртқа жасушасы Х хромосомасы бар спермамен 
ұрықтанса, онда хромосмалық формуласы 6А+ХХ болатын зигота, 
ал У хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосомалық 
формуласы 6А-ХУ болатын зигота пайда болады. Бірінші зигота-
дан аналық ал екінші зиготадан аталық шыбындар шығады жəне 
аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы бірдей, яғни 1:1 
болады. 
Сүтқоректілердің көпшілігінде, соның ішінде адамды да 
аталықтарының жыныс хромосомалары бір Х жəне бір У хромосома, 
ал аналықтарында екі Х хромосомадан болады. Соған байланысты 
аталық дарабасты гетерогометалы, аналық дарабасты гомогаметалы 
дап атайды. Əйелдің дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар жəне 
екі Х хромосомалар, ал еркектің дене жасушаларында 22 жұп ауто-
сом, бір Х хромосома жəне бір У хромосома болады. Жұмыртқаның 
хромосомалық формуласы 22А+Х, ал сперма екі сортты болады: 
22А+Х жəне 22А+У. Егер ұрықтануға У хромосомасы бар спермий 
қатысса, ұл бала дамитын зигота, егер Х хромосомасы бар спермий 
қатысса, қыз бала дамитын зигота пайда болады. 
Сүтқоректілердің аналығында ұрық дамуының алғашқы са-
тысында Х хромосомалардың екеуі де жұмыс істейді. Соңынан 
жұмыртқа жəне аналық бездері дамитын жасушалардан бас 
қа-
ларының барлығында екі Х хромосоманың біреуі жұмысын тоқ-
татады. Белсенділігінен айырылған бұл хромосома жинақталып, 
тығыздалған дене түрінде қалады. Мұны Барр денешігі деп атайды 
екен. Осы Барр денешігінің болуы болмауына байланысты жынысты 
анықтайды. Əдетте ол əйел жынысына тəн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет