Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет422/673
Дата01.02.2022
өлшемі3,95 Mb.
#130382
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   673
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 

https://vk.com/mega_education

 

333 


 

Ата-аналардың... 

A)Бағасы бір деп ойлауынан 

B)Мәдени орынды сыйламауынан 

C)Немқұрайлық танытуынан 

D)Қаражатының жоқтығынан 

E)Өресінің таяздығынан 

12. Үшінші азатжолда автордың қандай  көңіл-күйі берілген 

A)Дегбірсізденеді 

B)Таңқалушылық 

C)Алаңдаушылық 

D)Күмәнданады 

E)Немқұрайлық 

Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-

ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен 

шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. 

Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде 

жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл 

кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын 

қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды 

еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан 

елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға 

Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың 

Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың 

әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. 

Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан 

үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб 

Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен 

бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс 

міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы 

табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір 

әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама 

да дәстүрдің негізінде жасалыпты.   

Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. 

Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және  құстың санын 

көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу 

дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. 

Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге 

сататындар көбейіп кетті. 

–Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің 

елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында 

экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих. 

Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі 

бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа 

жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   673




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет