ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
375
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! –
дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Тату-тәтті өмір
B)Мысық пен тышқан
C)Ұйқышыл мысық
D)Жаңа дос
E)Қулығын асырған тышқан
4.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Ептілігі
B)Шыдамдылығы
C)Тапқырлығы
D)Батылдығы
E)Шапшаңдығы
5.Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Айлакер
C)Өркөкірек
D)Жалқау
E)Мақтаншақ
6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Жалғыз қаздың үні шықпас
B)Ежелгі дұшпан ел болмас
C)Досы көпті жау алмайды
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
E)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі.
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж.
Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және
кітапханалар аштырған.
Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.
|