Қазаңстан Республикасы Білім жене ғылым министрлігі М.Өтемісов атындагы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Дәріс 2. Педагогикалық шеберліктің элементі - педагогикалық



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата09.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#131177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Pedagogikalyk sheberlik Muhanbetzhanova

Дәріс 2. Педагогикалық шеберліктің элементі - педагогикалық
техника.
Мақсаты: педагог эрекетіндегі педагогикалық техниканың мэнін
ашу.
Жоспар
1. Педагогикалық техника - педагогтың әрекетін
үйымдастыру формасы.
2. Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.
3. Педагоггың сырт келбеті.
4. Мимика жэне пантомимика - байланыс орнату қүралдары
ретінде.
1. 
Шебер-педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып, олардың 
қолданған педагогикалық эсер ету қүралдарының нақтылыгын, түрлі 
практикалық міндеттерді дүрыс қоя білуде жэне шешуде шеберлігін 
көреміз. Нағыз шеберлік тэрбиешінің түлғасына, оның тәрбие 
міндеттерін 
терең 
үғынуына, оку 
пәндерін, 
педагогика мен 
психологияны негізді білуімен байланыстырады. Сонымен қатар, 
бүнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (үжыммен, жеке 
тұлгамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды 
үйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу 
іскерліктері) де орны ерекше. Бүл іскерліктерді эрбір педагог меңгеруі 
қажет.
А.С.Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мэні тек әдемі эн 
айтып, эңгімелесуде емес, оз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, 
иландыра көрсете білуде. Бүның бэрі тэрбиелік техниканың 
мэселелері» деп бүндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен.
«Педагогикалық техника» терминімен мүгалімнің оқушыга жеке 
эсер 
етудің 
түрлі 
күрадцарын 
белгілеуге 
болады, 
дейді 
А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу кабілеті, дауысты орнату, 
мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті.
«Педагогикалық техника» үғымына екі компоненттер тобы енеді. 
Бірінші топ: педагогтың озін-өзі, езінің әрекетін билеу іскерліктері -
10


ез денесін билеуі (мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін 
басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-элпетінен тану); сөйлеу 
техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері тәрбие 
үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлгаға, үжымға ықпал ету 
іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден түрады: 
педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, 
тэртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты үйымдастыру техникасы, 
күн тәртібін үйымдастыру техникасы, жазалау техникасы.
Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, 
жас 
педагогтардың 
педагогикалық 
техникасында 
кездесетін 
кемшіліктер баршылық. Олар: окушымен ашық әцгіме құра білмеуі, 
оның
ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай 
немес, керісінше, көрсете алмауы, ез-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. 
Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған 
шығармаларында өздерінің сөйлеу мэнері үшін мазасызданғандарын, 
балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан корыққандарын, тым тез 
сөйлегендерін, 
тым 
қатал 
болғандарын, 
тіпті 
кейбіреулері 
қорыққандарын, 
немесе 
тактаның 
алдында 
көп 
жүгіріп, 
жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін 
секідці қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін 
жазған. Көптеген студентгерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, 
басын салбыратып жүру, қолдарын дүрыс орналастыра білмеу жиі 
кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер - бір қалыптылық
сөздің сылбырлығы, мэнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы 
болып табылады. Сөздегі үзіліс жэне екпін қою ешқандай мән 
берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солгын 
дикция, дауыстың қажетті қатгылығын орната білмеуі.
Аталған қателіктер педагогқа окушылармен жүмыс жасауда 
кедергі келтіреді. Оларды жоғары оку орнында оқып жүрген кезде 
жою - мүгалімді даярлаудың маңызды міндеттерініц бірі.
Педагогикалық техникасын арттыру үшін педагог өз жүмысын 
неден 
бастағаны 
жөн? 
Сөйлеу 
техникасын, 
мимика 
жэне 
пантомимикасын жаттықтырудан, сыртқы келбетін дүрыстаудан 
бастайды.
Тэрбиешінің денесін үстауына, мимикасына, пантомимикасына 
қандай нақты талаптар қойылады?
2. 
Педагогтыц 
эрдайым 
аудитория 
алдында 
сөйлеуі 
жас 
педагогтардың бойында сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады. 
Мүгалімдердің, балалардың, ата-аналардың аддындағы іс-эрекет, ягни 
«көз алдында» эрекеті мүгалім ойының жүйелілігіне, дауыс 
аппаратыныц күйіне, өзін денелік сезінуіне, психикалық күйіне 
ерекше 
эсер 
етеді. 
Бүның 
бэрі 
болатын 
сабаққа, 
шарага 
психофизиологиялық жагынан алдын ала дайындалуды, қарым-
11


қатынас 
барысында 
өзінің 
эмоционалдық 
күйін 
басқарудың 
іскерліктері мен дағдысынын болуын талап етеді.
Аутогендік жаттыгулар (психикалық езін-өзі реттеу) - ерекше 
психофизикалық жаттығу. Олар дем алу жэне артикуляциялық 
жаттыгулармен бірге муғалімніц педагогикалық даярлық жэүйесіне 
енгізілуі тиіс. Психикалық өзін-өзі реттеу - бұл кәсіби кажетті 
сапаларды қалыптастыру мақсатында релаксация (босаңсу) жэне өзін- 
өзі иландыру.
Сабакка, балалармен қарым-қатынасты үйымдастыруға дайындық 
мұғалімнен 
шығармашылық 
өзін-өзі 
сезінуін 
тудыратын 
психологиялық күйге келтіруді қажет етеді. Бүл күйге көшу үшін 
сабақ материалынан, 
эдістемесінен тартымды ядроны іздеуге, 
тақырыпқа сэйкес эмоционалдық күйді қамтамасыз етуге болады.
3. 
Тәрбиешінің сырт келбеті эстетикалық мэнге ие болуы тиіс. 
Өзінің сырт келбетіне селқос карауга болмайды, сонымен бірге тым 
қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға 
ықпал жасаудың қүралы, тэрбиешінің ішкі рухани дүниесінің 
бейнеленуі 
ретінде 
қолданылады. 
Тәрбиешінің 
эстетикалық 
мэнерлілігі оның бет-элпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, 
іс-әрекетінің 
жинақылығынан, 
үстамдылығынан, 
орынды 
қимылдарынан, денесін тік үстауынан, жүрісінен көрінеді. Оган 
мазасыздану, қимылдардың жасандылыгы, солбырлық жараспайды. 
Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай қарайтыныңыз, қалай 
амандасатыныңыз, отырғышты қозғау қимылыңыз, сынып ішіндегі 
жүріп-гүруыңыз, осы «үсақтарды» барлығы да сіздің балаға ықпал 
жасаудың күші болып табылады. Сіздің барлық іс-әрекетіңізден, 
қимылыңыздан, көзкарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне 
сенімділікті сезінуі тиіс. Тап осындай салмақты, сенімді, ашық 
болсаңыз, сіз адам, тәрбиеші ретінде куатты бола аласыз.
Егер 
мүғалім 
оқушылардың 
алдына 
дүрыс 
үтіктелмеген 
костюммен, өте таза емес бет орамалмен, таралмаған шашпен келіп 
түрса, тәрбиеленушілерден ұқыптылыкты, тазалықты талап етуге 
болмайды.
Мүгалімнің киіміне қойылатын негізгі талап - қарапайымдылық
сымбаттылық, артықшылықгың болмауы, жақсы талгам. Қайсыбір 
шаш үлгісі, көйлектің айрықша тігісі, шаштың түсін жиі өзгерту 
оқушылардың назарын аударады.
Мүгалімнің киім киісіндегі эшекей бұйымдар, костюмі, шаш үлгісі 
эрдайым 
педаогикалық міндетті 
- тәрбиеленуші 
түлғасының 
қалыптасуына тиімді ықпал етуге - шешуге бағытталуы тиіс. Мүғалім 
эрқашан киім кигенде орнын жэне белгілі бір шекті сезінуі керек. 
Сондықтан, ол сабаққа жэне театрға барарда түрліше киінеді.
Балалар педагогтьщ ішкі және сыртқы әдемілігінің бірлігін, 
түтастығын өте жогары бағалайды. Сондықтан, эрбір мұгалімніц
12


бойында өзінің сырт келбетінің эстетикалық мәнерлі болуын 
арттыруға ұмтылысы болуы тиіс.
Тэрбиешінің сырт келбетінің мэнерлілігі, сымбаттылығы оның өз 
денесін тік үстауына да байланысты. Денені тік үстау түлғаның ішкі 
абыройының көрсеткіші. Бүкірейген, элсіз адам күштің нағыз қуатты 
көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан 
қолдар 
адамның 
ішкі 
дүниесінің 
әлсіздігін, 
оның 
өз-өзіне 
сенімсіздігін, жүмыс жасауга деген ықыласының жоқтығын білдіреді. 
Адамның бойының үзындығына қарамай тік жүруі, жинақылығы оның 
ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бүл педагогтьщ өзінің 
біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мүгалім оларды баурап алады.
Денені дүрыс, тік үстау үшін спортпен, арнайы әдістермен 
айналысу қажет.
Мүғалім сабақта окушылардың алдында дүрыс түру мәнерін, 
сыныпта ешкімге кедергі жасамай қозғалуга үйренуі тиіс.
4. 
Мимика - өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің 
бүлшықетгері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-элпет, көзқарас 
арқылы сөзден гөрі күштірек эсер етуге болады. Кинетикалық қарым- 
қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл жэне мимика 
ақпараттың эмоционалдық мэнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін 
қамтамасыз етеді.
Әрине, бет-элпет айтылатын сөзге сәйкес өзгертілуі тиіс. Типтік 
педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, куаттылығы. Бет- 
элпет, түтас сырт келбет секілді, сенімділікті, қуаттауды, кінәлауды, 
ренжуді, 
көңілі 
толмағандықты, 
қуанышты, 
қызығушылықты, 
ашулануды бірнеше вариантгарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің 
кең түрін бідціре алады.
Мимиканың мэнерлі бөліктері - қас-қабак, көз.
Пантомимика - бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні 
көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтьщ қимылы 
негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, үстамды жэне ұйымдасқан 
болғаны жөн. қимылдың түрлері: бейнелеу жэне психологиялық. 
Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылдар 
сезімді білдіреді.
Сонымен, жас педагогқа өзіңі сырт келбетінде неге көңіл белуі 
қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет