Қазаңстан Республикасы Білім жене ғылым министрлігі М.Өтемісов атындагы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Дәріс 3. Педагогтын созі тәрбиелік ықпал ету мен маглүмат



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата09.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#131177
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
Pedagogikalyk sheberlik Muhanbetzhanova

Дәріс 3. Педагогтын созі тәрбиелік ықпал ету мен маглүмат
беру күралы ретінде.
Максагы: педагог әрекетіндегі сөздің орнын белгілеу.
Жоспар.
1. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің күрылымында.
2. Сөз әрекетінін психологиялык кұрылымы.
3. В.А.Сухомлинскийдің мүгалім сөзіне қойылган
талаптары.
4. Сөз мәдениеті, оның элеменггері.
5. Сөз сөйлеу техникасы.
6. Педагог сөзін жетілдіру жолдары.
1. Тіл — түлғаны қалыптастырудың, элеуметтік тұрақтануының 
маңызды құралы. Оқу-тэрбие үрдісінде тіл ерекше орынға ие.
Егер сөзді педагог белгілі бір мақсатта тэрбиелеу күралы ретінде 
пайдаланса, оның ықпалы, сөзсіз, артады. Кез-келген мамандық 
бойынша мүғалімнің, тәрбиешінің сейлеу материалы дұрыс, мотивті 
түрде 
таңдалып, 
тәрбие 
мақсатына, 
ситуацияға, 
белгілі 
бір 
жағдайлардың ерекшеліктері мен сипатына сэйкес жүзеге асырылуы 
үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Тіл жэне сөз объективті ақиқатта эрдайым біргұтас, ажырамас 
бөлік ретінде танылғанмен, олар бірдей емес. Тіл - бүл берілген 
үжымнын барлық мүшелері түгел қабылдайтын жалпыга бірдей 
мазмұнға ие, сөйлеу практикасында бекітілген тілдік белгілердің 
(морфема, сөз, сөйлем) жүйесі. Сөз (сөйлеу) - бүл ұжымның тілі 
езінің нақты практикалық қолданысын табатын жеке индивидтердің 
тілдік әрекеті.
Тіл мен сөздің айырмашылықтары бірін-бірі толықтырады. Егер 
кез-келген нақгы қолданыстан абстракцияланған тіл қарым-қатынас 
жсаудың әмбебап қүралы болып танылса, нақты тілдік ситуацияда 
белгілі бір мазмүнға ие аталган қарым-қатынас қүралды сөз болып 
табылады. Ягни, сөз жэне тіл - бұл өзара байланысқан тілдік әрекеттің 
екі түрлі формасы.
2. Қарым-қатынас қүрылымын 
таңцауда адамның, 
әсіресе, 
педагогтың жалпы мэдениет деңгейі айқындалады.
Егер педагог алдын-ала міндеттерді белгілеп, оларды көз алдына 
елестетсе, окушылармен қарым-қатынас орнату тиімді болар еді: ол 
қандай мақсатпен сөйлеуі керек, ол нені айтуы керек, қалай сейлеген 
дүрыс. Яғни, сөздің психологиялық қүрылымын осы максатқа 
бағындыруы тиіс.
Осылайша, мүгалімнің педагогикалық шеберлігі оиың ауызша 
сөйлеудің тэрбиелеу касиеттерін меңгеру іскерлігіне тәуелділігі 
анықталды. 
Осыған 
байланысты 
педагогикалық 
кадрларды 
даярлаудың маңызды шарты - студентгердің бойында тілге мұқият
15


қарауды 
жэне 
олардың 
сөйлеу 
мәдениетін 
дамытуға накты 
бағытталуды белгілеу кажет. Себебі, тіл және сөз - болашақ кәсіптік 
эрекетгің басты қүралы бюолып табылады.
3. 
Педагогтьщ окушылармен қалай сөйлесетіні, оларды калай 
түсінетіні, олардың ойлау әрекетін багыттауы, бағалауы үлгірім мен 
тәрбиелік ықпалға ерекше эсер етеді. Педагогтьщ қызметі - сыныпта 
қолайлы психологиялық ахуал тудыру, материалды оқушылардың 
мүмкіндігінше меңгеруіне қол жеткізу, тәрбиелік мақсатты жүзеге 
асыру.
Мынадай ситуацияны көз алдымызға елестетейік. Мұгалім 
сыныпқа кірді. Балалар 5-ші сабақтан кейін шаршап отыр. Үй 
тапсырмасын тексеруге ұзақ дайындалып жатыр, біреудің тіпті 
дәптері де жоқ. Педагог бұнда тұтас сьшыпқа, немесе тапсырманы 
орындамаган окушыларға ескерту жасауына болады. Сөгіс, ашулы 
дауыс, үзілді-кесілді сөздер балаларға жағымсыз эсер етіп, олардың 
белсенділігін, эңгімеге қатысу тілегін, жауапты толықтыру, мысал 
келтіру жэне т.б. ұмтылыстарын төмендетуі мүмкін. Бұл жағдайда 
мұгалім жұмыс жасау ахуалын тудыра алмайды. Сыныппен дұрыс 
қарым-катынас орната алмас еді.
Ал бүл ситуацияда тэжірибелі шебер мұғалім шыдамдылықпен 
окушылардың кітап, дәптерлерін алып шыгуларын күтіп, егер бір-екі 
окушы тапсырманы орындамаган болса, тұтас сыныпқа «нотация» 
оқымай (олармен соңынан белек әңгімелеседі), окушыларға қызыкты 
тапсырма беруді ойлар еді. Әрбір сұрақты жан-жақты ойластыра 
отырып, мүғалім олардьщ белсенділігін құптайды. Сабақ окушылар 
үшін де, педагог үшін де жеңіл эрі тиімді етер еді. Оқытудың әдіс- 
тәсілдерін дұрыс қолдану, теориялық дайындықтан басқа мұғалімнің 
окушылармен тіл табыса білуі де маңызды. Сондыктан, окушыларга 
бағытталған сөз салмақгы, байсалды болганы жөн. Мұгалім сөзі 
дөрекі, тіл тигізуші болмауы дүрыс. ВЛ.Сухомлинский былай жазган: 
«Байқаңыз! Сөзіңіз өмір бойы тыртыгы қалатын нэзік тэнге тиген 
қамшыдай болмасын...Егер сөз шын жүректен шығып, шынайы болса 
гана, сөзде өтірік, теріс түсінік, «ұрсу», «сегіс беру» тілгеі болмаса 
гана, сөз жасөспірімнің жүрегін қорғайды жэне сақтайды...Педагог 
сөзі ең алдымен жұбатуы керек»
Мүғалім сөзі оку-тәрбие жүйесінің маңызды элементі болып 
табылады. Ауызша сөйлеу шеберлігі, балалардың назарын өзіне 
аудару жэне ұстау іскерлігі, сендіру, қызығушылығын ояту іскерлігі, 
көңіл-күйіне эсер ету - бүл қасиетгерсіз мүгалімді елестету мүмкін 
емес.
4. 
Сөйлеу мэдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды 
күрамдас компонентгерінің бірі.
Сейлеу мәдениеті - бұл әдеби тіл нормаларына сэйкес создерді 
колдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен біріктіріу, сөйлемді
16


дурыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, 
лексикалық, 
грамматикалық, 
стилистикалық) 
дегеніміз 
қарым- 
қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге 
тэн, оларсыз сөйлеу мэдениеті болмайды.
Сөйлеу мәдениеті екі компоненттерден құралған: тілдік элементтер 
мэдениеті жэне қарым-қатынасты орнату мәдениеті.
Сөйлеу мэдениеті жайындагы гылым тілтану саласына жатады, ол, 
ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис
стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мэнерлілігі 
жайындагы гылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, 
олар: эдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия жэне 
физиология, физика (акустика) жэне т.б. Жогары оқу орны 
оқытушысының, мұғалімнің сөзі нақты, дұрыс, түсінікті, эдемі, қысқа 
да нұсқа жэне т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс.
Сөйлеу 
мәдениеті 
ұгымына 
сездік 
қордың 
байлыгымен 
анықталатын лексикалық мэдениет енеді. Бай сөздік қоры - бұл 
сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің 
санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де 
анықталады. Бұл кұбылыс полисемия деген атауга ие. Создерді 
колдануда ете абай болган жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті жэне 
келісті сөздерді колдану дэлдікке - сөйлеу мэдениетінің маңызды 
сапаларына әкеледі.
Сөздің мэнерлілігіне жэне дэлдігіне тілдік қүралдардың алуан 
түрін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Олар: синонимдер 
(эйгілі, атақгы, даңқты, танымал), паронимдер (абонемент — абонент, 
адресат - адресант) жэне т.б.
Педагогикалық қарым-қатынас үрдісіндегі 
сөзге қойылатын 
маңызды талаптардың бірі - қарапайымдылық жэне ықшамдық. Егер 
материал артық сөзсіз, үнемді ұсынылса, осы арқылы нақтылыққа, 
дәлдікке, тиімділікке, сенімділікке жол ашылады. Керісінше, көп соз, 
бос сөз педагогикалық ықпалдың эсерін төмендетеді.
Сөздің сапасын тавтология да, ягни бір нәрсені бірнеше рет 
қайталама сөздермен жеткізу, төмендетеді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет