Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет138/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет-40. Психологиялық-педагогикалық орталық қызметі 
 
Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен бала тәрбиесінде өзара бірлескен 
жұмыстарының формалары әртүрлі болып келеді. Оның нәтижелі болуы
көбінесе олардың өзара тығыз қарым-қатынаста, белгілі бір нақты нәтижеге қол 
жеткізуде екі жақтың өзара ынталы болуына байланысты. 
Психологиялық-
педагогикалық орталық 
 
Диагностика
Даму және 
психологиялық 
коррекция
Педагогикалық 
консилиум
Мұғалімдердің 
рейтинг 
диагностикасы
 
Жеке
жұмыстары
 
Топтық 
жұмыстары
 
Сынып 
жетекшілер 
семинары
 
Ақыл-ой 
дамуының 
динамикасы
 
Дамыту 
әрекеттері 
Психикалық 
процестерді 
дамыту 
тренингтері
 
Мұғалімдердің 
және сынып 
жетекшілердің 
кеңесі
 
Жеке-дара 
ерекшеліктері 
мен сезімдерінің 
диагностикасы
 
Көңіл-күй 
сезімдерінің 
коррекциясы
 
Өзін-өзі тану 
тренингтері
 
Ата-аналарға 
кеңес
 
Оқушылар
ұжымындағы 
қарым-қатынас 
диагностикасы
 
Дарынды 
оқушыларға
жеке диагностика
 
Қарым-
қатынастық 
қасиеттерді 
дамыту 
тренингтері
 
Оқушыларға
кеңес
 


130
Тәрбие процесіне қатысушылардың өзара әрекеттестігінің негіздері
Қазіргі кезеңде педагогикалық әрекеттегі мұғалім-оқушы-ата-анаға
 
қатысты жағдай жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда.
Бүгінде бала тәрбиесінде мұғалім, оқушы және ата-ананың бір-біріне айтар 
ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр. 
Сондықтан да ата-аналар баланы тәрбиелеу ісінде мектеппен
қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, 
өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп 
ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай 
оқу-тәрбие процесінің мазмұны, сапасы және тиімділігін жақсарту үшін, отбасы 
мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. 
Сынып жетекшісі және пән мұғалімдері сыныптағы педагогикалық 
процестің тұтастығын, мақсаттылығын бірлесе қамтамасыз етеді. Олар 
оқушылар ұжымы және жекелеген оқушымен жұмыс барысында білім беру мен 
тәрбие мәселесіне қатысты міндеттерді бірлесе шешеді: таным белсенділігі, 
шығармашылық қабілеті, дербестігі және жауапкершілігін дамыту және т.б.
Сынып 
жетекшісі 
мен 
пән 
мұғалімдерінің 
өзара 
байланыс
іс-әрекеттері: 

оқушылар, олардың өзара қарым-қатынасы, оқу-тәрбие процесін 
ұйымдастыру және оның нәтижесі туралы өзара ақпарат алмасу; 

күрделі мәселелерді шешуде өзара көмек, өзара қолдау көрсету; 

сыныптың және әрбір оқушының нәтижелі жұмыс істеуіне мүдделі болу; 

педагогикалық мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе қарастыру
сыныптың алдына қойылған мақсат пен міндеттерін атқаруда бірлесе күш 
жұмсау; 

атқарылған іс-шаралардың нәтижесін бірлесе талдау; 

сынып ұжымымен немесе жекелеген оқушымен болашақта атқаратын 
жұмыстарды бірлесе анықтап, белгілеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет