189
Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді.
Дегенмен, ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет –
нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық, педагогикалық анықтамалар
саны өте көп. «Қабілеттілік» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын
және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттілік – бұл білім алуға қажетті адамның жеке ерекшеліктері.
«Қабілеттілік – іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», – деп жазады академик
Т.Тәжібаев.
Педагогтар
қабілеттердің
төмендегідей
деңгейі
болатындығын
дәлелдейді:
Репродуктивті (өнімсіз)
–
іс-әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша
қабылдау және меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық
–
жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттіліктер
деңгейі.
С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі
бойынша «қабілеттілік»,
«дарындылық» және «талант» ұғымдарының мәні
ашылады. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу мүмкінділігіне байланысты бір
адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық сапа
ретінде қарастырылады.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке-даралық психологиялық
өзгешелік деп қарастырды. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып,
оның төмендегідей 3 белгісін көрсетіп берді (61-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: