219
Сондай-ақ, оқушылардың мектептегі тәртібіне тоқталсақ:
ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, басқармашылық органдарының шешімі
мен мектеп директорының бұйрығын сақтауға;
басқа оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің намысы мен абыройын,
құқықтарын сыйлауға, олардың қызығушылықтарын шектемеуге, кішіге көмек
көрсетуге;
тәртіпті болуға, мектепте және мектептен тыс қоғамдық тәртіпті
сақтауға, мектеп формасының талаптарын ұстануға;
оқуға саналы түрде қарауға, сабақтар мен басқа да жұмыстарға
уақытында келуге, жұмыс орнында тәртіп сақтауға, сабақты босатқан жағдайда
мекемеден ресми құжаттар әкелуге;
мектеп мүлкін сақтауға, басқа оқушылардың еңбегінің нәтижесіне
отырғызылған көкке ұқыптылықпен қарауға;
электркөзін, суды, химиялық препараттар мен басқа материалдарды
үнемділікпен жұмсауға;
Жарғыға жатқызылатын бөлік бойынша, мектеп қызметкерлерінің
талаптарын орындауға;
өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегіне қатысуға, сынып және мектеп
бойынша кезекшілердің міндетін атқаруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: