276
ұжымдық шығармашылық істерді, ойындар, спорттық, туристік-
өлкетанушылық жарыстарды дайындау және өткізу бойынша кеңестер, штабтар
сияқты уақытша балалар бірлестіктері;
тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері
(нақты саладан білімді кеңейту, тереңдету бойынша) арқылы көрініс береді.
Мектептің тәрбие жүйесінде балалар ұйымдарының алатын орны ерекше.
Олар – мемлекет анықтаған мектептің негізгі міндеттерін шешетін
педагогикалық
ұжымның
одақтастары;
тәрбиеленушінің
құқығын
қорғаушылар; педагогтармен бірге өткізілетін мектептік олимпиада, конкурс,
байқау, шығармашылықты көрме, пәндік апталықтардың белсенділері.
Қазіргі таңда елде 1000-ға жуық жастар ұйымдары бар және олар белсенді
түрде қызмет етуде. Олар кейінгі толқынның әртүрлі әлеуметтік топтарын
біріктіреді. Ұйымдардың дені жастарды мазалайтын мәселелердің түйінін
тарқатуға білек сыбанса, екіншілері әлеуметтік қызметтерді, еңбек биржасын
ұсынады, жастар кәсіпкерлігін, спортты дамытып, жас дарындарды қолдауға
кіріскен.
Жастар ұйымы – жастардың әлеуметтік, мәдени білім берудегі
қажеттіліктерін шешуге септесетін қоғамдық бірлестік болып табылады.
Ол заңды тұлғалардың қауымдастығы (одағы), жеке, қоғамдық немесе
корпоративтік қор, сонымен қатар он мың жасты біріктіріп отырған
«Жас Отан», «Жастар қанаты», «Қазақстан Жастар Конгресі», «Студенттер
альянсы», «Жасыл ел» жұмысшы жастар жасақтары мен «Ауыл жастарының
одағы» және т.б.
Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және
жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі – жастар. Ел аумағында 1200 жуық жастар
ұйымы жұмыс жасап, мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын 50 мыңнан астам
жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда әлемнің
көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс өрістеп, миллиондаған
жастар өмірден өз орнын таппай, жұмыссыз қалуда. Қазақстанда Елбасының
бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!»,
«Жастар тәжірибесі» және «Жасыл ел» сынды және т.б. жастардың жобалары
жұмыс жасауда.
Елімізде мамандарды даярлаудың қабырғалы жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл
қоғам алдында тұрған ірі мәселе қазақстандық компаниялардың білікті
мамандарды қажет етуінде, ол жоғары оқу орындарының жұмыс орындарына
деген қажеттілігіне жауап береді. Аталған жүйе жастарға кәсіби біліктіліктерін
арттыруға және оларды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Достарыңызбен бөлісу: