Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет311/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
Іс-әрекет 
мазмұны
Мерзімі
Басқару формасы


275
уақытша бірлестіктеріне олардың жаздық орталықтары, туристік топтары және 
т.б. жатады.
Басқару сипатына 
қарай балалардың қоғамдық бірлестіктерінің ішінен 
формальді емес балалар бірлестігі, клубтық бірлестік және балалар ұйымдарын 
бөліп көрсетуге болады. 
Балалардың қоғамдық бірлестіктерінің әртүрлі формаларын құруда 
балалар мен жастардың ынтасын дамыту және қолдау 
Балалардың қоғамдық бірлестігі – бұл ең алдымен ұйымдастырушы,
өзін-өзі басқарушы адамдардың өз еріктерімен жасөспірімдер мен үлкен 
адамдардың қалауы бойынша тәрбиеленушілердің сұранысы, қажеттілігі, 
мұқтаждықтарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың 
көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық. 
Балалардың әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестігі – ашық, демократиялы
қатал «қызметтік иерархиясыз» құрылым. Ол мемлекеттік мекемелердің 
(мектептің қосымша білім беру мекемелерінің, жоғары оқу орындарының, 
өндіріс орнының) құрылымы бола алмайды, бірақ белгілі бір өндіріс орнының 
тікелей кадрлық, каржылық және материалдық-техникалық көмегімен құрыла 
және істей алады.
Балалар бірлестігінің басқа бірлестіктерден өзгеше қозғалысының 
формасы ретінде балалардың қоғамдық ұйымдары – әлеуметтік, идеологиялық 
бағытта анық бейнеленген, ересектер қауымдастығы, мемлекеттік құрылымдар 
құрған бірлестік. Бұл төменде тұрғандарды жоғарыда бағындыратын, әрбір 
мүшесінің өзін-өзі басқару органдарының міндеттері, құқықтары анықталған, 
жабық, көпсатылы құрылым.
Балалардың 
қоғамдық 
бірлестігі 
біріншіден, 
тәрбиеленушінің 
қажеттіліктері, мүдделері, мақсаттарын қанағаттандыру үшін; екіншіден, өзін-
өзі шектеу және ұжыммен таңдау, қоғамдық нормалар мен құндылықтарға 
әлеуметтік ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. 
Балалардың қоғамдық бірлестігі тәрбиеленушінің мүддесі, құқықтары, 
абыройы, бірегейлігін сақтай отырып, қорғау қызметін атқарады. 
Бірлестіктің іс-әрекеті мен бір топтан екіншісіне, бір ұжымнан басқасына 
ауысу формаларын, өзінің жеке бағдарламасын жүзеге асыру үшін ассоциация 
мүмкіндіктерін таңдау құқығы тәрбиеленушілердің өздеріне берілген. 
Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беретін мектептердің тәрбие жүйесіне 
етене енген қоғамдық балалар құрылымдары (ұйымдар, клубтар, кеңестер, 
одақтар, балалар парламенттері және т.б.) құрылуда. 
Мектептің тәрбие жүйесінде тәрбиеленушілердің қоғамдық құрылымы: 

тәрбиеленушілердің өздерін-өздері басқаруларының әрқилы формалары, 
органдары (жоғары сынып тәрбиеленушілерінің кеңестері, мектеп комитеті 
және т.б.); 

мектеп (тәрбиеленушілер) ұйымдары; 

қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін балалардың қоғамдық 
бірлестіктері, ұйымдары; 


276

ұжымдық шығармашылық істерді, ойындар, спорттық, туристік-
өлкетанушылық жарыстарды дайындау және өткізу бойынша кеңестер, штабтар 
сияқты уақытша балалар бірлестіктері; 

тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері 
(нақты саладан білімді кеңейту, тереңдету бойынша) арқылы көрініс береді. 
Мектептің тәрбие жүйесінде балалар ұйымдарының алатын орны ерекше. 
Олар – мемлекет анықтаған мектептің негізгі міндеттерін шешетін 
педагогикалық 
ұжымның 
одақтастары; 
тәрбиеленушінің 
құқығын 
қорғаушылар; педагогтармен бірге өткізілетін мектептік олимпиада, конкурс, 
байқау, шығармашылықты көрме, пәндік апталықтардың белсенділері.
Қазіргі таңда елде 1000-ға жуық жастар ұйымдары бар және олар белсенді 
түрде қызмет етуде. Олар кейінгі толқынның әртүрлі әлеуметтік топтарын 
біріктіреді. Ұйымдардың дені жастарды мазалайтын мәселелердің түйінін 
тарқатуға білек сыбанса, екіншілері әлеуметтік қызметтерді, еңбек биржасын 
ұсынады, жастар кәсіпкерлігін, спортты дамытып, жас дарындарды қолдауға 
кіріскен. 
Жастар ұйымы – жастардың әлеуметтік, мәдени білім берудегі 
қажеттіліктерін шешуге септесетін қоғамдық бірлестік болып табылады.
Ол заңды тұлғалардың қауымдастығы (одағы), жеке, қоғамдық немесе 
корпоративтік қор, сонымен қатар он мың жасты біріктіріп отырған
«Жас Отан», «Жастар қанаты», «Қазақстан Жастар Конгресі», «Студенттер 
альянсы», «Жасыл ел» жұмысшы жастар жасақтары мен «Ауыл жастарының 
одағы» және т.б.
Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және 
жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі – жастар. Ел аумағында 1200 жуық жастар 
ұйымы жұмыс жасап, мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын 50 мыңнан астам 
жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда әлемнің 
көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс өрістеп, миллиондаған 
жастар өмірден өз орнын таппай, жұмыссыз қалуда. Қазақстанда Елбасының 
бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», 
«Жастар тәжірибесі» және «Жасыл ел» сынды және т.б. жастардың жобалары 
жұмыс жасауда. 
Елімізде мамандарды даярлаудың қабырғалы жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл 
қоғам алдында тұрған ірі мәселе қазақстандық компаниялардың білікті 
мамандарды қажет етуінде, ол жоғары оқу орындарының жұмыс орындарына 
деген қажеттілігіне жауап береді. Аталған жүйе жастарға кәсіби біліктіліктерін 
арттыруға және оларды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет