Оқушылардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру әдістемесі Жасөспірімді тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да
жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу,
тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы
жан-жақты болуына арналады.
Қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру
мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға
санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі –
тәрбиеленушілердің бос уақытты тиімді пайдалануы.
Бос уақыт – бұл
жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейін көтеру,