Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары
Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны
орындаудың бірізді жүйесі жасалғанымен, педагог тәрбиелеудің формаларын
меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса, тәрбиені іске асыра алмайды.
Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:
1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар
бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді тұрғыда бірін-бірі толықтыра, бірізді,
жүйелі жүргізілуге тиіс.
2. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оны жан-жақты түгел зерттеп,
психологиялық-физиологиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін
біліп, оған жеке-дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп,
тәрбие әдістерін таңдау қажет.
4. Жеке тұлғаға ықпал ету әдістерін таңдағанда, оның бойында қалыптасып
қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.
Осы аталған тәрбие шарттарын ескеру тәрбие жұмысының нәтижелі
болуын қамтамасыз етеді.
|