Байланысты: Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)
Саяхатқа шығу ойыны Оқушылардың ең жақсы көретін ойыны – карта бойынша
саяхатқа шығу. Әсіресе ұлы географиялық ашулар заманындағы
ұлы саяхатшылардың саяхаттары. Әрбір материктер мен мұхит-
тардың ашылу тарихы кезіндегі жүрген жолдарын сабақтарда
ойнатуға болады.
Мысалы, «Оңтүстік Америка материгі» тарауы. Материктің
ашылу және зерттелу тарихы бойынша сабақтарда «Саяхат» ойы-
нын қолдануға болады. Оқушыларда Х. Колумб, А. Веспучи,
Ф. Магеллан, т.б. рөлдеріне қойып, саяхатқа карта арқылы шы-
ғарамыз. Ойынның тиімділігі – оқушылардың есінде жер-су атта-
ры қалады әрі саяхатшылардың жүрген жолдарын біледі.
Сурет, картасызба арқылы берілетін жұмбақтар
Бір «Р» әрпі берілген Қазақстанның қалалары мен өзендерін
жазыңыз.