О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет49/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Трафарета
Кейбiр әрiптерi ғана көрсетiлiп, жасырын ойналатын геогра-
фиялық ойын. Ол үшiн қағазға жұмбақтың кейбiр әрiптерi ғана 
жазылған тор көздерi жасалынады. Ойнаушы оған жетiспейтiн 
әрiптердi немесе сөздердi өзi қосуы керек. Мысалы, вулкандар-
дың аттарын тауып жазыңыз:
1. Сан-Педро
2. Санфорд
3. Семеру
4. Сламет
5. Стромболи 
Сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақтарды құрастыру және онымен жұмыс жасау 
барлық сабақтарда, сабақтан тыс уақыттарда жүргiзiледi. Бұл 
ойын арқылы оқушыларды ұшқыр ойлауға, ой-өрiсiн дамытуға, 
шапшаңдыққа тәрбиелейдi. Мысалы, «Атмосфера» сөзжұмбағы. 
Географиядан 6-сыныпта «Атмосфера» тарауын қорытындылау 
барысында қолдануға болады. 
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Тiрi ағзалар тыныс алатын зат 
(ауа)
2. Жердiң ауа қабығы 
(атмосфера)
3. Ауа райының белгiлi бiр жердегі көпжылдық режимi 
(кли-
мат)
4. Ауа ылғалдылығын жазатын құрал 
(гигрограф)
5. Желдiң түрi 
(муссон)


105
6. Желдiң бағытын көрсететiн құрал 
(флюгер)
7. Ауаның горизонталь бағыттағы қозғалысы 
(жел)
8. Теңiз жағасында түзiлетiн жел 
(бриз)
9. Жер бетiне сұйық күйде түсетiн су 
(жаңбыр)
Сөзжұмбақтарды барлық тарауларды қорытындылағанда, 
география сабақтарының тақырыптарын қайталау барысында
көптеген сабақтарда пайдалануға болады. Газет-журнал бетте-
рiнде жарық көрген, мұғалiмнiң өздерi құрастырған және оқушы-
лардың өздерi дайындаған түрлерiн қолданамыз. 
Сөзтiзбек
Сөзтiзбектiң сөзжұмбақтан айырмашылығы ойын барысын-
да бастапқы сөздiң соңғы әрпiнен келесi сөздiң әрпi басталады. 
Сөз тiзбектердi де әрбiр сабақты, тарауды қорытындылағанда, 
қай та лағанда қолданамыз. Қазiргi таңда оқушыларды ұлттық 
тәр бие, салт-дәстүрлер негiзiнде тәрбиелеуiмiз қажет. Соның бiрi 
– қазақтың ою-өрнектерi. 
Мысалы, «Қошқар мүйiз» оюына жасалған «Африка» сөз-
тiзбегi. Африка тарауын өткенде пайдаланамыз. 
Сөзтiзбектiң сұрақтары:
1. Африкадағы табиғат зонасының бiрi (Саванна). 
2. Африкадағы өзен (Аух). 
3. Тель-Атлас тауындағы шың (Хедиджа). 
4. Африка материгiнiң солтүстiгiндегi мемлекет (Алжир). 
5. Ұзындығы 800 км болатын Африкадағы өзен (Рувуша). 
«Қошқар мүйiз» сөзтiзбегiн дұрыс шешкенде «Африка» сөзi 
шығады. Сөзтiзбектердi шеңбер, квадрат, үшбұрыш, т.б. гео ме-
трия лық пiшiндерде құрастыра беруге болады. 
Үндемес ойыны
Оқушылармен жеке жұмыс жүргiзгенде ойналады. Мыса-
лы, 6-сыныпта оқушылар көптеген шартты белгiлермен таны-
са бастайды. Шартты белгiлердi толық игеру мақсатында осы
ойынды қолдануға болады. Төменде берiлген кестенi қатты 


106
қағазға үлкен етiп сызып, шартты белгiлерден басқасын көрсетпей 
жауып қоямыз. 

Қажеттi заттың аты
Шартты белгi
Дұрыс жауабы
1. 
Жалғыз ағаш

2. 
Темiр 

3. 
Көпiр 

4. 
Өзен 

Оқушы жеке қалтаға салынған сандардан қажеттiсiн алып, 
кестедегi шартты белгiлердiң жанына заттың рет санын орнала-
стырады. Мысалы, өзен үшiн оқушы 4 санын тауып алып, керектi 
заттың белгiсiнiң жанына орналастыру қажет. «Үндемес» ойы-
нын тек шартты белгiлердi анықтауда ғана емес, материктер мен 
мұхиттардың тiрi ағзаларын өткенде, географиялық объектiлердi 
анықтағанда, т.б. кездерде жиi қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет