О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет57/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

7. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
7.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 
қабылдаған Бiлiм беру ұжымдарындағы тәрбиенiң кешендi 
бағдарламасында көрсетiлгендей тәрбие iсi балабақшадан баста-
лып, орта мектептерде негiзгi бағыттары белгiленiп, пәндердiң 
мазмұны мен сыныптан тыс жұмыстарда жалғасын табуы тиiс. 
Ал мектептен тыс қосымша бiлiм беру мекемелерiнде тәрбиенiң 
ғылыми-әдiстемелiк, ұйымдастыру жұмыстарымен жымдасып 
келуi керек. Ол мекемелер мектеп мұғалiмдерi мен бiрлесе оты-
рып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкiндiк туғызуы 
қажет. Оқушыларды жан-жақты дамыту дегенде олардың ұлт 
мәдениетiн, әдеби тiлдi, мәдениет тарихын, салт-дәстүрдi, ұлттық 
өнер түрлерiн меңгеруi ескерiлуi керек. 
Жалпы, бiлiм беретiн мектептерде оқушыларға бiлiм мен тәр-
бие беру мектепте жүргiзiлетiн сабақта және мектептен тыс жұ-
мыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгiлi бiр нәтижеге же-
туге болады. Бұл екеуi де бiрiн-бiрi толықтырып отыруы қажет. 
Сабақта өтiлетiн тақырыптарды кеңiрек оқып меңгеру үшiн сы-
ныптан және мектептен тыс жұмыстарды осы бағытта жүргiзу 
орынды болмақ. 
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теория-
лық бiлiмiнiң кеңеюiне, толықтыра түсуiне лайықталып, олардың 
жеке қабiлетiн дамыта түсерлiктей болғаны жөн. Сонымен бiрге 
жақсы адамгершiлiк мiнез-құлықтың оқушы бойына дағды бо-
лып сiңiсуi де қарастырылуы керек. 
Қазiргi уақытта орта бiлiм беретiн мектептердiң алдында тұр-
ған негiзгi мақсат оқушылардың ой-өрiсiн жан-жақты дамыту, 
оларға қазiргi заман талабына сай бiлiм беру және тәрбиелеу. Ал 


114
оқушыны жан-жақты дамыту дегенiмiз оның тек қана дене бiтiмi 
жағынан өсiп жетiлуi емес, сондай-ақ баланың жан дүниесiнiң ба-
йып, рухани өсуi, қабiлетi мен дарынының анықталып, кең өрiстеуi, 
парасаттылық, ой мен адамгершiлiк көзқарастарының қалып та суы 
болып табылады. Оқушының бойында осындай iзгi қасиет тер дi 
қалыптастыру, олардың iске асырылуы мектепте жүргi зiлетiн сы-
ныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тiкелей байланысты. 
Сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстардың түрлерi көп. Бiрақ 
барлығының мақсаты – баланы жан-жақты жетiлдiру, оның бой-
ында адамгершiлiк қасиеттердi дамыту. Тек олардың қай түрiн 
оқушылармен жүргiзу керек дегенде мiндеттi түрде ескерiлетiн 
нәрсе оқушының жас ерекшелiгi, жүргiзгелi отырған жұмыс 
мазмұны, тәрбиенiң өз мүмкiндiктерi. 
Өмiр өзгерiп, заман жаңарып елiмiз дамудың жаңа жолына түс-
кен кезде мектептердiң мiндетi, борышы бұрынғыдан әлде қайда 
ауырлай түсетiнi белгiлi. Бұл мiндет әрбiр пәнге, әрбiр пән бойын-
ша жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстарға қатысты болуға тиiс. 
Кез келген пәндi оқыту мен жеке пәндер бойынша жүргiзiле-
тiн сыныптардан тыс жұмыстар жаңа заман тудырып отырған 
әлеуметтiк-экономикалық талаптарға жауап беруi тиiс. Оқушы-
лар ға бiлiм мен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұ-
мыстар мектептегi оқу-тәрбие жүйесiнiң бiр бөлiгi болып сана-
лады. 
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың бiлiмдерi мен бi-
лiк тiлiктерiн қалыптастыру мұғалiмнiң жеке басына, оның жал-
пы кәсiби бiлiмi мен сабақтан тыс түрлi көпшiлiк қоғамдық жұ-
мыс тарды ұйымдастыру қабiлетiне байланысты. Осының бәрi 
бiр-бiрiмен үйлесiмдi жүруi оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiнiң 
дамуына жол ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет