О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет56/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

6.4. Iскерлiк ойындар
Географиялық ойындар еркiн шығармашылық iс-әрекет 
ретiнде оқушының ойын, қиялын дамытатын, сөздiк қорын мо-
лайтып өз бетiмен iзденуге, еңбектенуге дағдыландырады. Со-
нымен қатар оқушылардың сабаққа қызығуын, белсендiлiгiн арт-
тыратын, ойлау қабiлетiн дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейдi 
және тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойын 
үстiнде оқушы iскерлiк пен түрлi дағдыны меңгерiп, бекiтуге, 
қорытынды жасауға үйренедi. Кез келген сабақты даярлағанда 
және өткiзгендiгi сияқты iскерлiк ойындардың мақсат-мiндеттерiн 
анықтап алу керек. Осы үш бiрлiк мақсат оның iске асыру жолда-
рына бағыт-бағдар бередi. 
Бiлiмдiлiк
Дамытушылық
Тәрбиелiк
Негiзгi ұғым дар 
мен заңдылық тар ды 
меңгеру
Әлеуметтiк-экономи ка-
лық жүйе нiң элемент терi 
мен олар дың арасындағы 
байланысты да мытуға 
бағыт-бағдар беру
Кәсiптiк көзқарас ты 
қалыптастыру
Статистикалық зерт-
теулер жасау, әр түрлi 
ақпараттар ағынымен 
жұмыс iстеуге дағды-
лан дыру
Қазiргi экономикалық 
ойлау қабiлеттерiн 
дамытуға ықпал жасау
Шешiм қабылдауда 
кәсiби көзқарасты 
қалыптастыруға 
қоғамдық бағыт-
бағдар беру
Дәлелдi де, дәйектi 
шешiмдер қабылдауға 
үйрену 
Iскерлiк қабiлеттерiн 
дамыту
Табиғи ресурстардың 
барлық түрлерiн 
үнемдеу керектiгiн 
дәлелдеу. Мәселелер -
дi шешуде бар-
лық ойынға 
қаты сушылардың мүд-
де лерiн есепке алу
Iскерлiк ойындарды өткiзудiң әдiс-тәсiлдерiнiң үлгi жоспары:
– ойынның аты;


– қысқаша сипаттамасы;
– жаңа ұғымдар (ойын барысында қалыптасатын нақты ұғым-
дар);
– ойынның мақсаты мен мiндеттерi (ойының алдына қойған 
мақсаттары мен мiндеттерi);
– алдын ала берiлетiн тапсырмалар (ол барлық ойында кезде-
се бермейдi);
– рөлдерге бөлу (кейбiр ойындарда рөлдерге бөлiнбейдi, ойын 
барысында өзi қалыптасады, оны мұғалiм алдын ала бiледi және 
керек кезiнде ойынға өзi араласып кетедi);
– ойын жағдайына кiру (ереже бойынша тарау тезис түрiнде 
баяндалады;
– ал мұғалiмнiң рөлi ойынды әрi қарай дамытуға ықпал жа-
сау);
– ойынның кезеңдерi (ойындағы iс-әрекеттер кезеңдермен 
сипат талады, ол тәжiрибеде ойынға сәйкес келедi);
– ойынның қорытындысы (ойынның әрбiр кезеңiнде жеткен 
жетiстiктер, сонымен қатар жеңiмпаздарды марапаттау);
– ойынның нәтижесiн талдау (эвристикалық әңгiме түрiнде 
өтедi). Мұнда оқушыларға қойылатын сұрақтар мен олардың жа-
уаптары анықталады және осы өткен материалдарды қайталауға 
арналады);
– үй тапсырмасы (сауалнама түрiнде жүргiзуге де болады, бұл 
әр оқушының алған бiлiмдерiн тексеруге мүмкiндiк бередi. Кейде 
ойын басталмай тұрып анкета беруге болады. Ол оқушылардың 
ойынға араласуына қолайлы жағдай туғызады). 
Көбiнде 6-7-8 сыныптарда тәжiрибеде пайдаланып жүрген ой-
ындар оқушылардың ой-өрiсiн дамыту мақсатында өткiзiледi де, 
9-10 сыныптарда оқушылар iзденiсiн, логикалық ойлау қабiлет-
терiн дамытуға арналады. Бiрақ оқытудың барлық түрлерiн ойын 
түрiнде өткiзу мүмкiн емес. 
Оқу үдерісiнде, әсiресе оқушылардың жас ерекшелiктерiн 
ескер сек, жоғары сыныптарда жаңа ұғымдарды қалыптастыру, 
қоғам дағы басқа да өзгерiстер мен iс-әрекеттердi талдауда iскер-
лiк ойындардың рөлi зор. 


113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет