Бiрiншi экскурсия. Көз мөлшерлi түсірілім және жер бетiнiң
пішіні (күздi күнi).
Екiншi экскурсия. Жер асты сулары. Ағын сулар әрекетi. Өзен
және өзен аңғары. Көз мөлшерлi съемкаға жаттығу (күздi күнi).
Үшiншi экскурсия. Көктемдегi тасқынның әрекетi. Өзен-
дердiң тасуы. «Жер бетiнiң формалары» жөнiндегi тақырыпты
қайталау және тереңдету. Көлдер мен батпақтар. Топырақтар. Көз
мөлшерлi түсірілімге жаттығу (жаз немесе күздiң басында).
Төртiншi экскурсия. Өсiмдiк және оның физикалық-
географиялық жағдайға тәуелдiлiгi. «Жер бетiнiң формалары»,
«Өзен әрекетi», «көлдiң өмiрi» туралы тақырыптарды қай-
талау және тереңдету, съемка жасауға жаттығу (жаз немесе күз-
дiң басында). Төртiншi экскурсия уақыт жағынан 6-сыныпқа
тиiстi болғанымен, шындығында, ол 5-сынып бағдарламасынан
шығатын экскурсия. Төртiншi экскурсия бiр күндiк болуы мүмкiн,
ең жақсысы екi күндiк болғаны. Бұл экскурсияда көбiрек жердi
қамтыған жөн, сондықтан оны алысырақ жерде өткiзген жақсы.
Қаладан сыртқы экскурсиялар туралы айта келiп, бiз
экскурсияның басқа (съемкаға алғаш жаттығу үшiн мектеп ау-
ласында өткiзiлетiн, өлкетану мұражайында болатын) түрлерi
жөнiнде ештеңе айтпадық. Ондай жақын жерде болатын экскур-
сиялар сабақ кестесiн бұзбайды және ондай экскурсиялар көп
еңбек те тiлемейдi.