О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Географиялық экскурсияны жоспарлау



Pdf көрінісі
бет67/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

8.5. Географиялық экскурсияны жоспарлау
Бағдарламада неше рет экскурсия болатыны көрсетiлмеген 
және көрсетiлуi де мүмкiн емес. Бiрақ бағдарла мада экскур-
сияны қолдану қажет екендiгi туралы нұсқаулар жеткiлiктi. 
Бағдарламаны және оқулықтарды қарап отырып, жергiлiктi 
жерiмiздiң физикалық-географиялық ерекшелiктерiн ескере оты-
рып, бiз экскурсияда талқылау тiлейтiн тақырыптар тiзiмiн жа-
саймыз. Әрине, көз мөлшерлi съемканы, жақындағы жазықты, 
қыратты, кiшiрек өзендердi, өзен аңғарын, батпақ және кiшiрек 
көлдердi, бұлақтарды, топырақты, таудың борпылдақ жыны-
старын, жер қабаттарының жатысын және басқа да көптеген 
тақырыптарды қай жерде болса да өтеуге болады. Осылармен 
қатар бiр жерде өте жақсы қарастырылып, басқа бiр жерде, тiптi, 
қарастыруға болмайтын тақырыптар да бар. Мысалы, таудағы 
тұрған адамдардың шатқалдармен, тау алқаптарымен, қар мен 


137
таудан ағатын сулармен, тау жыныстарымен, т.б. танысуы қиын 
емес. Айтайық, Каспий маңындағы ойпаттың тұрғын адамда-
рына бархандар мен дюналарды зерттеу үшiн, сортаңдықтар 
мен шөлдiң флорасы мен фаунасын зерттеу үшiн экскурсия 
ұйымдастыру оп-оңай. Орталық Поволжьеде тұратындар үшiн 
әктастар, бор, жер қабаттары, тасқа айналған заттар, үңгiрлер, 
ойылып түсiп кеткен жердегi көлдер, су жайылымы, терраса-
лары, ескi арнасы бар өзеннiң кең аңғары дәл сол жерлердiң 
өзiне лайық тақырыпта экскурсия ұйымдастыруға мүмкiндiк 
бередi. Бiз Байкал көлi жағалауы немесе теңiз жағалауы тәрiздi 
жерлердi айтпай-ақ қоямыз. Онда толқын әрекеттерiнiң барлық 
түрлерiн, iрi су бассейндерiнiң өмiрiн, өзен сағаларын, тігiндi 
конустарының қайдан пайда болғанын, атырауларды, өзен 
бойындағы жазықтарды, т.с.с. зерттеуге мүмкiндiк беретiн мате-
риалдар тiптi көп. 
Қысқасы, географиялық экскурсияны ұйымдастыру жағынан 
әрбiр жердiң өзiнiң қолайлы жағдайы, мүмкiншiлiгi болады. Он-
дай мүмкiндiктер соншалық көп және алуан түрлi, бүкiл КСРО 
шегiнде болатын экскурсиялар жоспарын қамтитын қандай да бiр 
кiтап жазып шығару мүмкiн де емес. Жергiлiктi жердiң мұғалiмi 
өз жерiнiң физикалық-географиялық жағдайымен жете таны-
сып барлық мүмкiндiктi еске салып, тақырып тiзiмiн, өткiзiлетiн 
экскурсиялардың жоспарын өзi жасайды. Өз жерiнде өткiзiлетiн 
экскурсияның жоспарын жасау оп-оңай жұмыс емес. Оны жасау 
үшiн жеке мұғалiмдердiң, тiптi, бiр топ мұғалiмнiң мұқият көңiл 
бөлiп көп жұмыс iстеуі керек. Өз жерiн зерттеу жұмысын жүргiзу 
үшiн ең қолайлы уақыт – демалыс уақыты. 
Жергiлiктi жердiң әртүрлi ерекшелiктерiн және оқу бағдар-
ламасының қоятын талабын еске ала отырып, тақырыптар тiзiмiн 
жасағаннан кейiн, мұғалiм экскурсия жұмысын жоспарлауға 
кiрiседi. Бiр сыныпта жылына неше экскурсия өткiзуге болады. 
Бiз бұл сұраққа, егер уақыт және мүмкiндiк болып тұрса, сон-
ша экскурсия болсын деп қойылған шек жоқ деймiз. Егер гео-
графия үшiн берiлетiн уақытты, сабақ кестесiмен байланысты 
қиындықтарды, дайындалу қиындығын, экскурсияның жалпы 
қымбаттығын еске алғанда, мәселе бiрден-ақ анық болады. Оқу 
уақытында жоспарға көп экскурсия енгiзуге болмайды. Экскур-


138
сия аз, бiрақ жақсы өткiзiлсiн деген ереже әрқашан есiмiзде бол-
сын. Қымбатқа түсетiн экскурсия өзiн-өзi ақтайтын болуы қажет. 
Осылардың барлығын ескере келiп, 5-сынып үшiн бiз қаладан 
тыс үш немесе төрт экскурсия белгiлеген болар едiк:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет