тақырыбы бойынша мəселенің басын ашуға көмектесуді сҧраған
жағдайда сізде өкініш сезімі туындай ма?
16.
Сіз өз пікіріңізді (ой, бағалау) қандай нысанда баян еткенді
жөн санайсыз – жазбаша ма, əлде ауызша ма?
Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у .
«иə» деген жауапқа – 2 ҧпай; «кейде» - 1 ҧпай; «жоқ» - 0 ҧпай.
Жалпы ҧпай саны қосылады жəне жіктеуші бойынша, қай адамдар
санатына жататындығы анықталады.
30-32 ҧпай – сіз анық тіл табыса алмайсыз. Жақын адамдарыңыз
ҥшін сізбен тіл табысу қиын. Сізге ҧжымдық кҥшті талап ететін істе
иек арту қиын. Көпшіл болуға,
қарым-қатынас жасауға, өз-өзіңізді
бақылауға тырысыңыз.
25-29 ҧпай – сіз аз сөйлейсіз, жалғыз қалғанды ҧнатасыз,
сондықтан да сізде достар өте аз. Жаңа жҧмыс жəне жаңа байланыс
орнату қажеттілігі, егер сізді байбаламға салмаса, онда тепе-теңдік
кҥйден ҧзаққа дейін шығарады. Сіз өзіңіздің
осы мінезіңізді білесіз
жəне өз-өзіңізге риза емессіз, бірақ осы бір наразылық
танытуыңызбен шектелмеңіз, сіздің еркіңізде осы мінезіңізді еңсеру
өз еркіңізде. Қандай да бір кҥшті қызығушылық болғанда, сіз
«кенеттен» толық жайдарылықты сезінетін кездер болмай ма? Тек
қана өзіңізді аздап серпілтіңіз.
19-24 ҧпай – сіз көпшілсіз, өзіңізге бейтаныс ортада өз-өзіңізге
толық сенімді боласыз. Туындаған жаңа мəселелер сізді
қорқытпайды, жəне солай бола тҧрғанымен, сіз бейтаныс адамдармен
қарап-қарап араласасыз, жанжалдар мен
пікірталастарға лажсыздан
қатысасыз.
14-18 ҧпай – сізде біршама ашықсыз. Сіз білуге қҧмарсыз,
қызықты əңгімелесуші адамды бар ынтаңызбен тыңдайсыз,
басқалармен қарым-қатынаста біршама төзімдісіз жəне қызбалыққа
салынбай, өз пікіріңізді қорғап қаласыз. Бейтаныс адамдармен
кездесуге қандай да бір қобалжусыз барасыз, сол мезетте сіз шулы
компанияларды ҧнатпайсыз, ал əдеттен тыс əрекеттер
мен көп
сөйлеушілік сіздің жҥйкеңізге тиеді.
9-13 ҧпай – сіз біршама көпшіл адамсыз, білуге қҧмарсыз,
сөзуарсыз жəне тҥрлі мəселелер бойынша əңгімелескенді ҧнатасыз.
Бейтаныс адамдармен танысуды ҧнатасыз. Көпшіліктің назарында
болғанды жақсы көресіз, ешкімге өтінішін орындаудан бас
тартпайсыз, алайда оны ҥнемі орындай алмауыңыз мҥмкін. Жылдам
ашуланасыз, бірақ тез қайтасыз. Алайда сізге шыдамдылық,
төзімділік жəне кҥрделі мəселелермен
кез болғанда өжеттік
жетіспейді, бірақ егер қаласаңыз, сіз кейін шегінбеуге өзіңізді мəжбҥр
ете аласыз.
4-8 ҧпай – сіз, өте көпшілсіз, ҥнемі мəн-жайды біліп отырасыз.
Пікірсайыстарға қатысқанды жақсы көресіз. Кез келген мəселе
бойынша өз пікіріңізді айта аласыз, тіпті егер ол туралы жеңіл-желпі
тҥсінігіңіз болса да. Барлық жерде де өзіңізді жайлы сезінесіз. Кез
келген істі қолыңызға ала аласыз, бірақ оны ақыр аяғына дейін ҥнемі
жеткізе бермейсіз. Осы себептен басшылар мен əріптестеріңіз сізге
аздап қауіптеніп əрі кҥмəнмен қарайды. Осы жəйттерді ойласыңыз!
3 жəне одан да аз ҧпай – сіз тым ашықсыз. Сіз көп сөйлейсіз,
сөзшеңсіз, сізге қатысы жоқ істерге араласасыз. Өзңііз мҥлде
білмейтін мəселені шешуді өз мойныңызға алаасыз. Ерікті жəне
еріксіз айналаңызда əртҥрлі жанжалдарға себеп боласыз. Қызбасыз,
өкпешілсіз, кейде əділетсіз боласыз. Адамдарға — жҧмыста да, ҥйде
де – сізбен өте қиын. Сізге өзіңізді жəне өз мінезіңізді қолға алу керек.
Бəрінен бҧрын, өзіңізді төзімділікке, ҧстамдылыққа,
адамдарға
қҧрметпен қарауға тəрбиелеу керек.
Әрине, тест нəтижелерін шынға айналдырмаған жөн. Алайда егер
сіз осы тəрізді сҧрақтар негізінде өзіндік талдау жҥргізу қажет деп
есептесеңіз, онда өз бетімен, айналаңыздағылармен қарым-
қатынасты реттеуге байланысты қиындықтарды тҥсіну жəне жоюға
ықылас білдіру деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: