- с а б а қ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ
С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : қарым-қатынас жасау шеберлігін
қалыптастыру, оның қҧрылымдық бөліктерін тҥсіну, қарым-қатынас
жасау кезінде тҧлғалық ерекшеліктерін анықтау.
1-тест. Сіз ӛз ойыңызды айтып бере аласыз ба?
Н ҧ с қ а у л ы қ . Әрбір келтірілген сҧрақтарға «иə» немесе «жоқ»
деп жауап беру қажет.
1.
Сіз тҥсінікті болғанын ойлайсыз ба?
2.
Сіз əңгімелесушінің жасына, біліміне, ақыл-ойына жəне жалпы
мəдениетіне сəйкес келетін сөздерді таңдап аласыз ба?
3.
Сіз айтудан бҧрын, ойды мазмҧндау тҥрін ойластырасыз ба?
4.
Сіздің берген тапсырмаңыз жеткілікті дəрежеде қысқа ма?
5.
Егер əңгімелесуші сізге сҧрақты, сіз айтып болғаннан кейін
қойса, ол сізді тҥсінді деп санайсыз ба?
6.
Сіз жеткілікті деңгейде анық, əрі дəл сөйлесіз бе?
7.
Сіз өзіңіздің ойыңыз бен сөзіңіздің қисындылығын
қадағалайсыз ба?
8.
Сіз, айтқан сөзіңізде не тҥсініксіз болғанын анықтайсыз ба? Сіз
сҧрақ қоюға тҥрткі боласыз ба?
9.
Сіз əңгімелесушіге, олардың ойы мен көңіл-кҥйін тҥсіну ҥшін
сҧрақ қоясыз ба?
10.
Сіз болған жəйтті пікірден ажыратасыз ба?
11.
Сіз əңгімелесушінің пікірін жоққа шығаруға тырысасыз ба?
12.
Сіз, əңгімелесушілердің қашанда сізбен келісуіне тырысасыз
ба?
13.
Сіз, өзіңізге мҥлде тҥсініксіз кəсіби терминдерді қолданасыз
ба?
14.
Сіз сыпайы əрі жылы шырай танытып сөйлесесіз бе?
15.
Сіз өз сөзіңізден шыққан əсерді қадағалап отырасыз ба?
16.
Сіз ойласу ҥшін ҥзіліс жасайсыз ба?
Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у .
5-11, 12, 13 –сҧрақтарға «жоқ» деген жауап ҥшін 1 ҧпай жəне
қалған сҧрақтар бойынша «иə» деген жауап ҥшін 1 ҧпай деп есептеңіз.
Жалпы ҧпай саны мынаны білдіреді:
12 —16 ҧпай — жақсы нəтиже;
10 —12 ҧпай— орташа нəтиже;
9 ҧпайдан төмен — нашар нəтиже.
|