С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет172/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

1-жағдаят . 
Конструкторлық бюрода бастық пен ҧжымның қарым- 
қатынасы дҧрыс қалыптаспады. Бастық өз лауазымына екі ай бҧрын 
тағайындалған. Осыған дейін ол басқа бөлімде жақсы маман ретінде қызмет 
істеген. Көптеген жаңалықтар ашқан; басқа бөлімдегі алдыңғы лауазымында 
жетекші инженер ретінде басшы болған ғылыми жобалардың бірі халықаралық 
көрмеде жоғары бағаланған. 
Жаңа бастық пен ҧжымның арасындағы шиеленіске қандай себептер 
негізі болуы мҥмкін екенін талдаңыздар. 
2-жағдаят. 
Шығармашылық ҧжымның отырысында А. атты қызметкерді 
«Ғылымға еңбек сіңген қайраткер» қҧрметті атағын беру туралы ҧсыныс 
талқыланды. Бҧндай ҧсыным туралы сҧрақ ашық немесе қҧпия дауыс беру 
арқылы шешілуі мҥмкін. Қысқа талқылаудан соң қызметкер Б. қҧпия дауыс беру 
жолымен өткізу туралы ҧсыныс жасады. Дауыс берудің нəтижесі А. ҥшін 
пайдасыз болып шықты. 
Қосымша ақпарат. 
1.
А-ны қҧрметті атаққа ҧсыну туралы ҧжым бастығы бастама көтерді. 
2.
Ҧжымның бастығына кейбір ҧжым мҥшелерінің А. жайлы жҧмыста 
еңбек сіңірмей мансап баспалдағымен көтерілгені жайлы жағымсыз сөздер 
белгілі болатын (ҧжым басышысы ауысып, А-ны қҧрметті атақ беруге ҧсыныс 
жасалғанға дейін екі жыл бҧрын оның ғылыми-зерттеу жҧмысындағы 
жетістіктеріне қарамастан, бҧрынғы басшы тарапынан лайықты баға 
берілмеген. Жаңа басшының келуіне байланысты, А. жоғары лауазымға 
тағайындалған). 
3.
Қҧрметті атаққа ҥміткер еңбек ететін ҧжым кішігірім еді (10 адам); 
олардың ішінде төрт қызметкерге қҧрметті атақ берілген жəне ҥшеуі ҥміткер 
болатын. 
Шиеленіс тҧрғысынан осы жағдаятқа талдама жасаңыздар. 
3-жағдаят. 
Сызбаҥлгіші-темір шеберлерінің бригадасы (6 адам) əрқашан 
аса ынтымақты еді. Жастарының арасы алшақ болса да, бригада мҥшелері бос 
уақыттарын жиі бірге өткізетін. Ҥлкендер кішілеріне қамқор болатын, ал 
кішілері ҥлкендерін қҧрметтейтін. Бригаданың бір мҥшесі зейнеткерлікке 
шыққан соң, бригадаға 2 ма, əлде 3 жыл бҧрын ба, кəсіби техникалық училище 
бітірген жас темір ҧстасы Акимов келді. Ҧжым оған басында кҥмəнмен қарады. 
Бірақ 1-2 ай өткен соң, оны мен бригаданың арасында жап-жақсы достық қарым- 
қатынас орнады. Ол ҧжымға қабылданып, «өзіміздің» адам аталды. 
Тағы 2 айдан соң, жағдай өзгерді. Жас жəне тəжірибесі аз жҧмыскерге 
стандартты сызбаҥлгінің ірі сериясын əзірлеу тапсырылды. Дəстҥрлі 
технологияны қолданатын болса, ол бригада ҥшін орташа 


деңгейдегі айлық алар еді. Дегенмен Акимов жҧмысты қалай тиімді жасауға 
болатынын тез ҧғынды. Ол 10 дайындаманы алып, бір біріне дəнекерледі. Пакет 
жасалып шықты. Содан кейін ол барлық пакеттерде қажетті пішінді қиып алып, 
бҥйіржақтарын тегістеді, соңынан пакеттерді жеке-жеке бөліп, əл сызбаҥлгінің 
бетін өңдеді. Біраз уақыт өткен соң, Акимов өнімділік нормасын 3-5 есе 
арттырды. Оның айлығы тез өсіп, бригадирдің айлығынан 1,5 есеге өсіп кетті. 
Бригада Акимовты алагөздей бастады: біресе қайда екені белгісіз - шығып 
кетеді, біресе сҧрамаған кеңесін тықпалайды, біресе керісінше барлығы 
достарына пайдалы кеңес беруге тырысып жатқанда, ол ҥндемей қояды. Ақыр 
соңында қарым-қатынас толық ҥзілді. Акимов өзін басқа бригадаға ауыстыру 
туралы цех бастығына өтініш жасады. Бірақ басқа бригаданың темір ҧсталары да 
оны өздеріне алғылары келмеген болып шықты. Бір айдан соң, Акимов зауыттан 
кетіп қалды. 
Шиеленіс тҧрғысынан осы жағдаятқа талдама жасаңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет