С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет174/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

., 
Бордовская Н.В
., 
Розум С.И

Психология жəне педагогика. — 
СПб., 2001. 
Шевардин Н.И


Психологиялық диагностика, тҥзету жəне тҧлғаның дамуы. 
— М., 1999. 


ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
 
Қҧрметті əріптестер, студенттер, достар! 
Осы кітаптың материалы сіздердің педагогикалық шеберліктің 
қҧпиясына терең бойлауға өз көмегін тигізер деп сенемін жəне 
ҥміттенемін, өйткені болашақ ҧстаздың кəсіби даярлығы тҧлғаның 
біртҧтас ҥйлесімді дамуына ықпал ететін көптеген ҥлгідегі жҧмыс пен 
жҧмыс əдістерінің кҥрделі кешенінен тҧрады. 
Академик В.А. Сластениннің айтуы бойынша, адам тҧлға ретінде 
объективті жəне субъективті, табиғи, қоғамдық, ішкі жəне сыртқы; 
бейберекет немесе белгілі бір мақсатқа сəйкес əрекет ететін, адамдардың 
ықтияры мен санасына тəуелді немесе тəуелсіз - көптеген факторлардың 
ықпалымен қалыптасады жəне дамиды. Бҧл ретте адамның өзі бейтарап, 
ол өзінің жеке қалыптасуы мен дамуының субъекті. 
Заманауи педагогика — ынтымақтастың педагогикасы. Ол 
оқушының өзін педагогикалық ҥдерістің пікірлесі жəне қатысушысы 
ретінде ыналандыруға талпынады. Еңбек жолын жаңа бастаған 
педагогтар өздерінің жемісті еңбек етулері ҥшін тек пəндік жəне 
психологиялық-педагогикалық білім ғана емес, қатынасу дағдылары да 
қажет екенін атап көрсетеді. 
Психолог В.Л. Леви адамдарды жақсы тани білетін педагогтарды 
қатынасудың данышпандары деп атаған. В.А. Сухомлинский ҧстаз 
жанындағы адамды сезе білуі, оның жанын, оның тілектерін сезінуі тиіс 
деп жазған. 
Қатынасудың білім алушының тҧлғалық адамгершілігі мен 
өзгешелігі сияқты педагогтың берген рухани-этикалық мақсаттарын 
анықтайтынын атап көрсеткен жөн.. 
Оқытушының кəсіби жетістігінің басты өлшемі – жеке 
педагогикалық мəдениеті. В.Л. Бениннің көзқарасы бойынша, 
педагогикалық мəдениет – жалпы мəдениеттің элементі жəне ол элемент 
тҥрінде мəдениеттің əр тҥрінде орын алады. 
Ол жинақталған əлеуметтік тəжірибені сіңдіру бойынша 
адамдардың тікелей қызметінің бірлігін қосқан, сонымен бірге білім, 
дағды жəне бір ҧрпақтан екінші ҧрпаққа осындай сіңдірудің айрықша 
институттары тҥрінде бекітілген қызметтің нəтижелерін қосқан 
педагогикалық ҥдерістің біріккен сипаттамасы болып табылады. 
А. В. Барабанщиков пен И. Ф. Исаев педагогикалық мəдениет 
арнайы жəне педагогикалық білімге негізделеді, осы қызмет тҥрінің 
ерекшеліктерін меңгерудің жоғары деңгейін көздейді деп сендіреді. 


Оны педагогтың педагогикалық ҧстанымын көрсететін жеке 
тҧлғасының кҥрделі əлеуметтік мінездемесі тҥрінде анықтауға болады. 
Педагогикалық мəдениет — адамның рухани, адамгершілік, зияткерлік 
дамуы, оның білім, дағды, кəсіби шеберлігі деңгейінің көрсеткіші. 
Шебер болу — кедергілер мен шиеленістердің орын алуы 
мҥмкін педагогикалық ҥдерістің барысын алдын ала болжау, 
педагогикалық «тҥйсікті» меңгеру дегенді білдіреді. Бҧл жерде 
ешқандай тылсым кҥш жоқ. Қалыптастыру ҥдерісі өте кҥрделі 
болғанымен, бҧндай қабілетті дамыту əбден мҥмкін. Талдама жасау, 
алдын ала болжау, логикалық қҧрылымға, эмпатияға сҥйену, өзіңмен 
оқушыларды сəйкестендіру (шартты тҥрде ҧқсастыру), олардың 
мҥдделері мен шаруаларына ден қою – осы барлық дағдылар педагогтың 
қызметіне кіреді. 
Педагогикалық ҥдерісте екі белсенді тарап – оқытушы мен оқушы – 
қатысады. К. С. Станиславскийдің пікірі бойынша, оқытушының 
қызметі жекеше емес, бірлескен қызмет. Істің сахналық та, 
педагогикалық та жетістігі бірегей шығрамашылық əдіспен жəне идеяны 
тҥсінудің жалпыламалығымен біріккен қатысушылардың ансамблі 
анықтайды. Ансамбль — бір ҧжымдық мақсатты көздеген одақ. 
Адамның қабілеті кез келген салада ашылады. Осыдан тек қана 
өзіндік жҧмыстың ғана емес, шығармашылық жҧмыстың да əдіс- 
тəсілдерімен қарулану қажет деуге болады. Әр адамның өз қабілеттерін 
білуі жəне оларды тиімді пайдалануы маңызды. Дегенмен, егер 
айналаңыздағы адамдар, яғни сіздің əріптестеріңіз бен оқушыларыңыз, 
ең тамаша бастамаларыңызды қолдамаса, олар жҥзеге аспайтыны жайлы 
естен шығармағаныңыз абзал. Дəрісхана, сынып — бҧл педагог — актер, 
ал студенттер мен оқушылар – сіздіңкөрермендеріңіз болып табылатын 
бір актердің сахнасы. 
Актерге қарағанда, педагогқа қиындау. Актер белгілі бір кҥйге жəне 
оның шеберлігін қабылдауға бағытталған адамдардың алдына шығады. 
Оқушы оқытушыға осылай қарауға даяр ма? Осы жайлы ойлану керек. 
Сабаққа жан мерекесіне келгендей келу керек, жаңа білімге, дағдыларға, 
қҧндылықтарға қуану керек, дəрісханада болып жатқанның бəріне қҧлақ 
салу керек. Таңданбасаң — ҥйренбейсің! 
Кез келген саладағы білім алу тек белгілі бір білім кешенін 
меңгерумен қатар өз бетінше, жасампаз ойлануды, айналада болып 
жатқан нəрселерге мҧқият зер салуды көздейді. Барша нəрсеге, тіпті 
болмашы нəрсеге де жасампаздықпен қарау қажет. 
Өз кезінде америкалық жазушы Марк Твен айтқан екен: «Сіздің 
өзіңізге деген сеніміңізді жоюға қабілетті адамдардан сақтаныңыз. Бҧл 
ҧсақ адамдарға тəн!» Қателесуден қорқпаңыз! Өз мамандығыңызды 
сҥйіңіз, бей-жай болмаңыз, талпыныңыз, жасампаз болыңыз, өмір 
сҥріңіз! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет