С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет29/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

МИМИКА. ПАНТОМИМИКА 
Жҧмысын жаңадан бастаған педагогтың аудиториямен көпшілік 
алдында қарым-қатынас жасау сипаты, əдеттегідей, 
«бҧлшық етінің қысылуын», сенімсіздік, қорқыныш сезімін, 
қозғалмай қалуын тудырады. Сипаттамалық ымдар ойлау барысын 
көрсетеді, көркемдейді. Олардың керегі шамалы, бірақ жиі 
кездеседі. Сезімдерді білдіретін психологиялық ымдар маңыздырақ 
болады. 
Ымдар, дененің басқа да қозғалыстары сияқты, жиі айтылатын 
ойға ілеспейді, оның барысын сақтандырады. 
Қатынасу белсенді болу ҥшін дененің ашық қалпын сақтау 
қажет: қолды айқастырмау, тыңдармандарға қарап сөйлеу. Алға 
қарай бір қадам жасау аудиторияда зейінді жҧмылдыра отырып, 
хабарламаның маңыздылығын кҥшейтеді. Артқа қарай қадам жасап, 
сөз сөйлеуші тыңдармандарға демалыс бергендей болады. 
Мимика 
– өз ойын, сезімін, көңіл-кҥйін, жағдайын беттің 
бҧшықетінің қозғалысымен білдіру өнері. Кейде бет пен 
көзқарастың көрінісі сөзге қарағанда білім алушыларға қаттырақ 
əсер етеді. Ым мен мимика, ақпараттың эмоционалды 
маңыздылығын көтере отырып, оны жақсырақ игеруге ықпал етеді. 
Тыңдаушылар педагогтың жҥзін «оқып», оның қатысын, көңіл- 
кҥйін табады, сондықтан ол тек көрсетіп қоймай, сонымен бірге 
сезімді жасыра алуы қажет. Адам бетінің ең айқыны – адам 
жанының айнасы болып табылатын оның көздері. 
Өз мінез-қҧлқын жəне оқушылардың тəртібін жете тҥсінуінде 
бағытты дамыту ҥшін психологтардың жҧмысында ҧсынылған 
эталондармен танысу пайдалы. 
Педагогтың 
көзқарасы 
көзбе-көз 
кездесе 
отырып, 
тыңдаушыларға бағытталуы қажет. Эмоционалды қобалжулардың 
сыртқы көрінісіне ықпал ете отырып, олардың тереңдігін өзгертуге 
болады, себебі эмоциялардың соматикалық жəне вегетативті 
көріністеріне қарапайым бақылау оларды өзін–өзі тҥзетуге алып 
келеді. 
Алдағы сабаққа дайындалып жатқан жəне сенімсіздік пен 
қорқыныш сезімін сезген жас маманға физикалық жəне психикалық 
босаңсуға қол жеткізе отырып, релаксация сеансын өткізгені дҧрыс. 
Аутогенді жаттығу 
— ерекше психофизикалық гимнастика - 
тыныс алу жəне артикуляциялық жаттығулармен бірге, педагог ҥшін 
міндетті болуы тиіс. 
Бірінші сабақта болған сəтсіздіктен тҥңілмеген дҧрыс. Бҧл жерде 
жҥйелі жҧмыс, педагогикалық қызметте жəймен тілалғыш 
қҧрал болатын 
психофизикалық 
аппараттың 
тренингі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет