- сабақтардың өткізу барысына бақылау жасайды.
Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары: 1)
пәнді оқыту процесінің нәтижесіне талдау жасайды;
2)
оқу курсының мазмұны мен құрылымының өзгеруіне ұсыныстар
енгізеді, оның оқу әдістемесін қамтамасыз етеді;
3)
мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқушының оқу
бағдарламасын
меңгеруін
қамтамасыз
ететін
жаңа
ақпараттық
технологиялардың енгізілуі бойынша педагогикалық эксперименттер жүргізеді;
4)
күнтізбелік, тақырыптық жоспарларды талқылайды және бекітеді;
5)
оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар дайындайды
және оларды талдайды, талқылайды;
6)
оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесін
қарастырады, оның жүргізілуіне басшылық және бақылау жасайды;
7)
оқу-зертханалық базаның жетілдіруі бойынша көрнекі құралдар,
макеттер, стендтер, дисплейлік кешендер, диафильм, таблицалар құрастырады
және оны қолдану әдістемесін жасайды;
8)
жас мамандарға арналған семинарлар ұйымдастырады, тәлімгерлер
тағайындайды;
9)
пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиадалар мен
байқаулардың ережелерін құрастырады;
10)
оқудағы жетістікті қамтамасыз етуде оқу еңбегі мәдениетін
көтеруге, еңбек және демалыс режимінің сақталуына байланысты оқушыларға,
ата-аналарға арналған нұсқаулар дайындайды;
11)
мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, пәнді оқыту
әдістемесі мәселелері бойынша баяндамалар дайындап, оны талқылайды;
12)
басқа да әдістемелік бірлестік жұмысымен танысып, тәжірибесін
зерттейді, алмасады.