200
Озат тәжірибе мектебі негізінен дербес жөне ұжымдық тәлімгерліктің
мақсаты мен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Қазақстан
мектептерінде тәлімгерлік дәстүрдің бай тарихы бар болғанымен бір мектеп
қабырғасында ұйымдастырылған озат тәжірбие мақсатты, толыққанды сипат
алады. Бұл мектептің негізгі міндеті – тәжірибелі мұғалімнің, басшының
тәжірибесі өз әріптесіне әдістемелік көмек көрсету. Бұндай мектепті
қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады. Озат тәжірибе мектебі жұмысын
бағалау екі жақты тиімділікті ескеруі тиіс. Озат тәжірбие мектебінің
құрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім
мектебінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның мәні - жұмысты жаңа
бастаған жас мұғалімдер тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшысының
жетекшілігімен бірлестікке бірігеді.
Мектептерге эксперименттік жұмыстар ұйымдастыруға кең мүмкіндік
беріп отырған кезеңде проблемалық (инновациялық) топтың әрекеті қызу
қолдау табуда.
Достарыңызбен бөлісу: