197
Әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру мектептің типі, оның орналасқан
жері және т.б. жағдайларға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай
жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі
орта мектептерде едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептердің тәжірибесі
осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік
бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері
өзгермелі
болып келеді. Олар төмендегідей негізгі факторларға байланысты өзгеріп,
жаңарып отырады:
Білім беру төңірегіндегі мемелекеттік саясат, заң актілері, құжаттар;
Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі,
олардың жеке
кәсіптік
өлшемдері
болжамдау
процесінде
анықталған-әдістемелік
сауаттылығы.
Мектеп ұжымының моральдық-психологиялық ахуалы, әдістемелік
жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық-техникалық мүмкіндігі.
Мектептегі педагогикалық тәжірибені оқып үйрену,
мұғалімдердің
инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты
кәсіптік деңгейде
іске асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы,
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай.
Мектепішілік әдістемелік жұмыстарын мектеп көлемінде болып жатқан
талдаулар
негізінде бірқатар пікірлерді, неғұрлым маңызды деген әдістемелік
жұмыстың оқу-тәрбие жұмысының барысына ықпал жасап,
оның сапасы мен
тиімділігін арттыратын, басқару ісіне құрал бола алатын жақтарын ұсынуды
жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: