195
Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық
оқулар, ғылыми-әдістемелік семинар, байқау, олимпиада, шығармашылық есеп,
іскерлік ойыңдардың берері көп.
Әрбір мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруын
қадағалау – оқыту процесінің сапасын арттыруға, әсіресе, жас маманның
инновациялық даярлығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Әдістемелік апталықтарда, семинарларда
оқытудың ұстанымдары мен
әдістері, инновациялық сабақтың типтері, осы заманғы сабақтың құрылысы,
сабақтарға жан-жақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып-
үйрену, зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары, сынып
жетекшілерінің
жұмысы
туралы
мәселелер
қойылады,
мұғалімдер
инновациялық және панорамалық сабақтар өткізеді.
Педагогикалық
кеңес
педагогикалық
ұсыныстарды,
идеяларды,
инновацияны
ұйымдастырады,
мектепішілік
біліктілікті
арттыру,
мұғалімдердің шеберлігін насихаттауда үлкен міндет атқарады.
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаттарының бірі – барлық ұжым
бірлігін оқу-тәрбие жұмысында педагогика ғылымдарының жетістігін,
инновациялық
тәжірибелерді
пайдалана
отырып,
жоғары
сапалы
көрсеткіштерге жету.
Инновациялық педагогикалық кеңесті өткізу 4 кезеңді қамтиды.
Мектеп
әкімшілігінің инновациялық іс-әрекетті әдістемелік талдауы, даярлық кезеңі,
кеңесу кезеңі, қорытындылау кезеңі.
Мектеп әкімшілігінің инновациялық іс-әрекетті әдістемелік талдауы
барысында инновациялық мәселенің тақырыбы, мақсаты айқындалып,
инновациялық жоба жасалынады да педагогикалық
ұжым талқысына
жіберіледі, одан соң инновациялық жобаны жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар
туғызуға даярлық жүргізіледі.
Инновациялық іс-әрекетті даярлау кезеңінде арнайы құрылған
шығармашылық топ, инновациялық жобаны жүзеге асыруға ұсыныстар әзірлеп,
алынатын нәтижелерге диагностикалық болжау, талдаулар жасайды.
Сондай-ақ, мектептегі пән мұғалімдері пән бірлестігінен басқа білімдері
мен ұстаздық шеберлігі, біліктеріне қарай 3 мектепте (топқа) жинақталады:
жетілу мектебі, шыңдалу мектебі, шеберлер мектебі.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие процесіндегі
кейбір ескірген дәстүрді ұйымдастыру түрлеріне сын көзбен қарап,
тәжірибе
қажеттілігіне сәйкес жаңа мәселелер тудырып, үйреншікті тәжірибенің
шеңберін кеңейтіп, терендетіп отырады. Алдыңғы катарлы педагогикалық
тәжірибе – бұл прогрессивті тәжірибе,оның болашағы зор.
Л.Б.Щербакова алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің негізгі
белгілерін төмендегідей береді:
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің
басты белгісі оның
нәтижелігі;
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеде
жоғары нәтиже
талапқа
сай білім, іскерлік және дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
196
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе көрсеткішінің бірі -
жаңашылдық сипатқа ие болуы.
Жаңашылдық сабақтағы педагогикалық процесті байқау нәтижесінде
анықталады. Жаңашылдық деңгейлері әртүрлі болуы жаңалықтарды
ашудан бастап, педагогикалық еңбектердегі ғылыми жаңалықтарды тиімді
қолдануға
дейінгі
кезеңді
қамтуы
мүмкін.
Ал,
қорытындысында
алғашқылардың өзі жоғары нәтиже беруі қажет.
Келесі кезекте, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені
қолдану мен
оны үйрену оның көкейтестілігімен анықталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибе көкейтестілігін екі жақты
қарастыруға болады.
Біріншіден,
жаңалық қазіргі мектептердің алдында тұрған әлеуметтік
міндеттер тұрғысынан көкейтесті болуы тиіс.
Екіншіден
, кез келген педагогикалық жағдайда белгілі педагогикалық
ұжымда қолданылатын тәжірибе көкейтестілігімен сипатталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе алдыңғы болып табылады,
егер, ол:
- қазіргі кезең мектебінің алдында тұрған негізгі міндеттерді шешсе;
- қазіргі кезеңдегі теориялық базамен қаруланса;
- тиімді педагогикалық идеямен ұштасса;
- жұмысты ұйымдастырудың тиімді құралдары мен формаларын
қамтамасыз етсе;
- тәжірибеде білімнің соңғы жаңалықтарын шығармашылықпен қолданса;
- дәстүрлі тәжірибе негізінде
өзіндік біріктірілген жаңа
мүмкіндіктерді аша білсе;
- өміршең тәжірбиелерді жаңа педагогикалық идеялар арқылы алға
жылжыта білсе.
Инновацияның даму зандылықтары білім берудегі дәстүрлі көзқарастан
бас тартудан пайда болады. Бұл кезеңде педагогикада инновация толық
аяқталып қаралмады. Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық
инновацияны белгілі дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады.
Алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген құрылымын М.Ф.Харламов береді.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне
байланысты сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: