Сурет-58. Әдістемелік бірлестік қызметінің құрылымы
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі негізінен тәрбиенің
теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады. Бірлестік
отырыстарында тәрбие үрдісін басқару және оны кешенді жүргізу, жеке адамды
ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесінде балалардың шығармашылығын дамыту,
құқық тәрбиесінің негізгі принциптері, формалары мен әдістері, мұғалім мен
балалар арасындағы қарым-қатынастың бірлігі, сынып сағаттарын өткізудің
тәрбиелік ерекшеліктері, сайыстар өткізу, ата- аналармен өткізілетін жұмыстың
формалары, сынып жетекшілерінің оқу-тәрбие жоспарын қорғауы т.б.
мәселелерді талқылайды. Әрбір мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар-
шешімдер қабылдайды. Оларды оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың тәсілдерін
іздестіреді.
Мектепте оқу және тәрбие жұмыстарын жетілдірудің жаңа бір формасы -
мұғалімдердің
шығармашылық
тобы.
Шығармашылық
ең
алдымен
мұғалімдердің мамандықтарына сәйкес терең және берік білімді, мол
тәжірибені талап етеді. Шығармашылық қабілетті дамыту, өз бетімен іздену,
Достарыңызбен бөлісу: |