Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің
мониторингін қамтамасыз ету, кәсіби маңызды жетістіктерін талдау және
ұсыну.
Мұғалім портфолиосын құрастырудың негізгі
прнинциптері : жүйелілік;
ұсынылған мәліметтердің дәлдігі мен толықтылығы; ақпараттың объективтілігі;
және т.б.
Портфолио іс-әрекеттің барлық түрлерінде (оқыту, тәрбиелеу,
шығармашылық, өз бетінше білім алу) мұғалімнің жеткен жетістіктерін есепке
алуға мүмкіндік береді. Мұғалім портфолиосы жинақтау папкасында
(файлдарымен бірге) безендіріледі. Портфолиоға енгізілген әрбір материалға
мерзімі қойылуы қажет. Портфолионың құрылымы мұғалім өз алдына қойған
немесе әдістемелік бірлестік төрайымы бекіткен нақты міндеттердің тұрады.
Портфолио аталмыш білім беру мекемесінде барлық жұмыс мерзімінде
директор орынбасарларының бірінің үздіксіз қатыстырылуымен педагог
тарапынан жинақталады. Портфолио материалдарын қосымша ретіндде
педагогтың жеке жұмысына енгізіп қоюға болады. Жұмыс орнын ауыстырғанда
ұсыныс хат ретінде немесе қосыша материал қызметін атқаруы мүмкін.
Портфолио төмендегідей бөлімдерден тұрады: