Педагогикалық сараптау технологиясы. Педагогикалық сараптама
мақсаты – бұл мұғалімдердің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін шынайы
анықтап (диагностикалап), оның нақты бағасын шығару. Ал мұғалімнің
педагогикалық деңгейіне берілетін баға ол оқытып, тәрбиелеп жатқан
шәкірттердің оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігіне байланысты болады. Осыдан
мұғалім еңбегінің бағасы мен шәкірт тәлім-тәрбиесіндегі нәтижелілік
көрсеткіштері ажырамас бір процестің екі тарапы болады. Біріншісі – негізі
сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгейінің бағасы, ал
екіншісі – нәтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі (дамуы) мен тәртіптілік
дәрежесіне берілетін баға.
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі өлшем-
критерийге негізделеді:
нәтижелілік өлшем және
процестік өлшем .