207
Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды даярлау кезiнде
қосымша мамандандыру мүмкiндігі болады:
мектепке дейiнгi жастағы
балалармен жұмыс жөнiндегi педагог-психолог, мектепке дейiнгi бiлiм беру
менеджері және т.б.
Бiлiм
беру
бағдарламалары
инновациялық
педагогикалық
технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк
және шығармашылық қызмет
дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын
меңгерген көптiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім және ептіліктер игеру және
кәсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеруі үшін
кәсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нәтижелері бойынша кәсіби іс-әрекеттің белгілі
саласында жұмыс жасау құқығына кепіл болатын мемлекеттік үлгідегі диплом
беріледі.
Елде қабылданған мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі –
сараптау (аттестация
)
– педагогтер мен мектеп басшыларының біліктілігін
көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі.
Сараптау мақсаты–
кәсібилік
деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-
тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге
нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын
беру жолымен педагогтердің әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл
орайда мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы
сәйкестікті ұстану көзделген.
Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік санатын тағайындау да
осы сараптау қызметінің нәтижесі.
Сараптау принциптері:
еріктілік, жариялылық, жүйелілік және
тұтастық, шынайылылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы – оның
нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол
әр бес
жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке
өтінішіне орай өткізіледі.
Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін
мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы:
дәрістер тобын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі
бағдарлама бойынша «емтихан» (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-
әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау және т.б.
Категория иемдену үшін сараптамадан өтуді
қаламаған мұғалімдердің
жалақысы тариф негізінде білімі және еңбек стажына орай белгіленеді.
Кей жағдайда нақты мұғалімнің біліктілік деңгейі мен оның
тағайындалған қызметіне сәйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы
әкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі
мүмкін.
208
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған
«Мемлекеттік және жеке меншік білім мекемелерінің
педагогикалық және
басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сәйкес үш түрлі
сараптау комиссиясы түзіледі:
1)
Достарыңызбен бөлісу: