бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы
тарапынан республика, облыстар құрамында түзіледі;
2)
аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім
басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
3)
білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – мектептің педагогикалық
кеңесі ұсынысымен құрылады.
Әр комиссия өз құзырына сай мәселелерді шешеді. Сараптау
комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік санатын тағайындау.
Қазіргі күнде әрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік санаты белгіленген:
1)
жоғары санат – оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
2)
бірінші санат – оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия
тағайындайды;
3)
екінші санат – мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Мұғалім не басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер бойынша
іске асырылады: қызмет нәтижелерін қорытындылау (шығармашылық есеп,
ғылыми-әдістемелік не тәжірибе-эксперимент жұмыс түрінде) және
практикалық іс-әрекеттің эксперттік бағамы әртүрлі баламадағы психикалық-
педагогикалық сараптама).
Біліктілік санаты құжаттық материалдар (еңбек өтілі, мінездеме,
мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат)
негізінде беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын талаптар
туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және сараптама жүргізу
әрекеттерімен, іскерлік және көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен
байланысты болады. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының
стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.