1) бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуі;
2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық
жинақтау.
Аттестаттау барысында біліктілік тестілеуіне жататын еңбек қызметі
бейіні бойынша бағыттар тізбесі білім туралы құжат бойынша біліктілігіне
сәйкес анықталады.
Біліктілікке тестілеу 100 тестілік тапсырмадан тұрады:
1) «Қызмет бағыты бойынша» – 70 тапсырма;
2) «Педагогика, оқыту әдістемесі» – 30 тапсырма.
Біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз отыз минутты құрайды.
«Қызмет бағыты бойынша» - 50%, «Педагогика және оқыту әдістемесі»
бойынша - 50% дұрыс жауап алынса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі.
Аттестатталушы адамдардың тізімдік құрамы білім беру ұйымының
алқалық органының шешімімен бекітіледі.
Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адам кезекті
аттестаттау өтініш негізінде (оның ішінде қазіргі санатының мерзімі
аяқталғанға дейін) жүргізіледі: