Педагог қызметкер құқылы: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдайымен қамтамасыз етіле отырып,
педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен
айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен
технологияларды енгізуге;
3) жеке педаготтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт
талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың
әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына
қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет
біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагоггік кызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар,
құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық
және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стаж сақтала отырып,
шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне
шағымдануға құқығы бар.
21-кестеде педагог қызметкерлердің біліктілік дәрежелері ашылды.