К. Д. Бузаубакова


-бөлім. «Оқу-материалдық база»



Pdf көрінісі
бет276/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

7-бөлім. «Оқу-материалдық база»:
 
көрнекілік құралдардың тізімі 
(макеттер, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар, портреттер, карталар және 
т.б.); оқытудың техникалық құралдарын үнемі қолдануы жайлы ақпарат; білім 
беру процесінде компьютер мен оқытудың ақпараттық құралдарын қолдану; 
ҰБТ-ға дайындау үшін тапсырмалар жинағы, жаттығулар, үлгі рефераттар мен 
шығармалар және т.б. дидактикалық материалдарды қолдану. 
Қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны
жылдан жылға өсiп келедi. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру 
курстарынан кемiнде бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн Қазақстан 
Республикасы «Бiлiм туралы» Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, 
оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.
 
Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта 
даярлау саласына төмендегідей міндеттерді шешу жүктелуде:
-
жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог 
кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн 
қалпына келтiру және одан әрi дамыту; 
-
педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын 
жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау; 
-
педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың барлық 
жылдарында үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық 
практиканы енгізу; 


205 
-
екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары 
бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, 
психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау; 
-
болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби 
бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы 
енгізу; 
-
12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша 
және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар 
бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; 
-
педагогтердi 
және 
басшыларды 
аттестаттаудың 
және 
қайта 
аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа 
жүйесiн әзiрлеу; 
-
педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi 
жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру; 
-
бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру 
әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру 
ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін 
арттыруды жүзеге асыру; 
-
білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент 
бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру; 
-
жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен 
бағдарламалардың 
негiзiнде 
мемлекеттік 
жоғары 
оқу 
орындары 
оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау көзделедi. 
Мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп менеджерлерінің 
біліктілігін көтеруге 
басшылық – білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да 
мәнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды әрі қажетті біліктерден 
құралады:
- мұғалімдер және тәрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-тәрбие 
жұмыстарының формалары мен әдістерін пайдалану және қолдану шеберлігін 
жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз 
ету;
- мектептегі оқу-тәрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде 
жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-әрекеттердің 
орындалуына жағдай жасау;
- мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым 
қызметіне дем беріп, оны жетілдіру. 
Кәсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық 
шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде 
жетілдіруге баруы міндетті. Бұл мақсатта төмендегідей іс-шаралар 
ұйымдастырылуы мүмкін:
- негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық 
оқулар (соңы емтихан, сынақ немесе реферат қорғаумен бітеді);
- сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не 
проблемалық орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);


206 
- мамандардың кәсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде 
ұзақ мерзімді оқуы.
20-кестеде ғалым К.Д.Бузаубакованың зерттеуі бойынша мұғалімнің 
әдістемелік шеберлігін анықтау көрсеткіштері ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет