К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет269/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК 
Пәндік бірлестіктер 
Жас мұғалімге 
көмек 
Тәлімгер
Жеке жұмыс 
Пәндік циклдар 
Жеке консультация 
Жаңаша оқыту 
Пәндік апталықтар 
Кәсіби байқаулар 
Мұғалімнің тәжірибесін тарату 
Инновациялық 
технологияны үйрену 
Ғылыми -практикалық 
семинарлар 


202 
зерттеу жұмыстарына байланысты. Осыған орай, мұғалімнің жұмысында 
шығармашылық басым болуы керек. Озат мектептердің іс-тәжірибелеріне 
қарағанда шығармашылық топтың құрамына өте тәжірибелі мұғалімдер кіреді. 
Іс-жоспары бір жылға жасалып, топ мүшелері айына бір рет кездесіп отырады. 
Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық 
оқулар, 
ғылыми-әдістемелік 
семинарлар, 
байқаулар, 
олимпиадалар, 
шығармашылық есеп, іскерлік ойыңдардың берері көп. Оқыту мен тәрбиелеу 
процесін жетілдіру, әрбір сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық 
мүмкіндіктерін арттырып, ертеңгі білімдар, парасатты жеке тұлғаны 
қалыптастыру мақсатында «Жас мұғалімдер мектебі» жұмыс істейді. 
Ғалым К.Д.Бузаубакова мұғалімдерді педагогикалық білім деңгейі мен 
әдістемелік шеберлігіне қарай 4 топқа бөледі: 
1)
қатаң бақылауды қажет ететін мұғалімдер; 
2)
қалыптасқан әдіс-тәсілдері бар мұғалімдер; 
3)
шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер. 
4)
өзіндік жеке педагогикалық технологиясы бар жаңашыл мұғалімдер. 
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі 
және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - 
оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен 
ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары 
іске асырыла бастады: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; 
педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; 
жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің тәжірибелерін 
зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және 
оны 
оқу-тәрбие 
процесіне 
енгізу, 
педагогикалық 
ғылыми-зерттеу 
институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық 
мәселелерді зерттеу және жинақтау. 
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі 
мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. 
Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен 
салыстырады, тиімді қорытынды жасайды. 
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми-
практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық 
«Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық 
еңбегі бірте-бірте облыс, республика көлемінде талқылардан өтіп, көпшіліктің 
игі ісіне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет