192
6)
Оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау
құқығын бере алу;
7)
Бағдарламалық материалдарды ірі блоктарға біріктіру және тірек
сызбалар мен тірек конспектілерін пайдалану.
8)
Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету.
9)
Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.
10)
Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.
Жаңашыл педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасына
біріктіруге болады.
Озық педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін
жаңашылдық
пен
зерттеушілік
педагогикалық
тәжірибе
сезімдік
тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш
сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеулердің бірегей үлгісін
көрсеткен ғалымдар: И.П.Волков, Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин,
С.Н.Лысенкова, М.П.Щетинин, В.Ф.Шаталов, Қ.Бітібаева, Қ.Нұрғалиев,
Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақов және т.б.
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы –
сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептің
балалардың дербестігін, шығармашыл белсенділігін дамытуға деген
бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақтың
орнын сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оның басқа
формалармен толықтырады, ол формаларда оқушы білімнің өз бетінше, дербес
«табыскері» ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: