190
Ашық сабақтар озат мұғалімдер жұмысындағы тиімді әдіс, тәсілдерді оқыту
тәжірибесінде қолданып, нақтылы ойларды аша көрсетіп, негіздеме бере
отырып, оқыту тәжірибесіне жаңалықты ендіруді көздейді.
Осындай ашық сабақтар, әрине, алдын ала, жан-жақты ойластырылған
табиғи іскерлік сабақ болуы керек. Осыған байланысты ашық сабақтарды кез
келген тосын жағдайда, кімнің тәжірибесіне, нақты кімді және неге үйрету
керек екендігін анықтап алмай өткізе беретін осы күнгі тәжірибені тастау керек.
Сөйтіп, ашық сабақтарды мектептегі оқытуды жақсартудың әдістемелік
шараларының құрамды бөлігі деп қарасақ, олар барлық мұғалімдердің де
әдістемелік шеберлігін арттыра беруге, мектептің шығармашылық ізденіс және
тәжірибе алмасу ахуалын туғызуға әсерін тигізбек.
Жыл басында әдістемелік жұмыстың жоспары жасалынғанда, жыл бойы
кім қандай ашық сабақ береді, ол ашық сабақтың мақсаты айқындалуы керек.
Ашық сабақтарда жаңа педагогикалық технологиялар қолданылып,
мұғалімдердің шеберліктерін арттыратындай қызғылықты өткізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: