Мұғалімдердің шығармашылық шағын тобы
.
Бұл жұмыстың түрі
мұғалімдердің мектепішілік әдістемелік жұмыстың жаңа тиімді түрлерін
шығармашылықпен ізденісінің қорытындысында пайда болды.
Тұрақты белгіленген қатысушылардың құрамымен сипатталатын,
бірліктің негізі оқытылатын пән болатын, ал адамның жасы, жұмыс мерзімі,
ұнатқаны болды ма немесе болмады ма, шығармашылық дербестігі мен мінезі
есептелмейтін әдістемелік бірлестіктен өзгешелігі, 3-6 адамнан құрылған
шағын топтың негізі ең алдымен оқу немесе әдістемелік мәселеге өзара
мүдделіктен, психологиялық сыйысушылықтан, өзара сүйіспеншілікпен, жеке
достықтан тұрады. Мұндай топтар ұжымда қандай да болмасын жаңа озат
тәжірибені, жаңа әдіс пен ойды меңгеру қажеттілігі тұрғанда ғана ерікті түрде
пайда болады. Топтың әрбір мүшесі ең алдымен өз бетінше тәжірибені,
технологияны зерттейді, бұдан кейін өзінің әріптестеріне баяндайды, олар оны
толықтырады, түзетеді, пікір алысады, кейін зерттеген ойды өз тәжірибесіне
іске асырады, игеруге дайындаған әдіс бойынша бір-бірінің сабағына, сабақтан
тыс шараларға қатысады, оларды талдайды, қашан жаңаны игеріп, бірінші
іскерлікті меңгергеннен кейін, топ таралады. Әдетте топта бір-екі жетекші
пайда болады, олар жаңа ғылыми даярламаны зерттеу бойынша немесе
тәжірибеге және ұйымдастыру мәселесіне басшылық жасауды өз міндетіне
алады. Шағын топ мүшелеріне ешқандай құпия болмайды, егер түсінуде не
істеуде қандай да бір кемшілік білінсе, жолдастары көмектеседі. Бұл түрде
жаңаны шығармашылықпен игеру басқа жолдарға қарағанда 3-4 есе тез жүреді.
Шағын топ үшін тән қасиет, ол достық қатынас, ең аз мәжілістер отырысы, олар
іздеу, зерттеу жұмыстарына басты көңіл бөледі, олардың нәтижелерін жалпы
мектептік жиналыста барлық ұжымға таныстырады. Топтың құрамы керек
жағдайда кеңейтілуі мүмкін, бірақ, тәжірибе көрсеткендей, топ мөлшерінің
көптігі, әдеттегідей, өзін ақтамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |