Педагогикалық іс-тәжірибелерді зерттеу жолдары: 1)
Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы.
2)
Педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және
жинақтау.
3)
Жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімнің іс-
тәжірибесін зерттеу және жинақтау.
4)
Жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие
процесіне енгізу.
5)
Педагогикалық ғылыми зерттеу институттарының басшылығымен оқу
және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді жинақтау, зерттеу.
Озат іс-тәжірибені енгізу мен тарату жолдары: ауызша насихат; баспасөз
насихаты.
Ауызша насихат – мұғалімнің педагогикалық кеңестерде, аудандық,
облыстық
әдістемелік
кеңестерінде,
мұғалімдер
білімін
жетілдеру
институттарында өткізілетін арнайы мәслихаттарда, семинарларда озат
тәжірибелер туралы лекциялар және баяндамалар жасауы. Оларда озат
мұғалімдердің іс-тәжірибесінің мәні мен негізгі идеяларының мазмұны
анықталады.