Мектептегі әдістемелік кабинеттер мен бұрыштар . Ағымдағы
мәліметтер әдістемелік бұрышта қамтылып көрсетіледі. Мектепте бос бөлме
болған жағдайда, арнайы кабинеттер жабдықталады, олар әдістемелік
жұмыстың және мұғалімдердің өз бетімен білім алуын ұйымдастырудың
барлық түрін өткізу үшін негізгі тірек бөлме болады. Мұндай әдістемелік
кабинеттерде ғылыми еңбектер, әдістемелік құралдар, журнал, газет
кесінділері, педагогикалық әдебиеттердің жинағы, т.б. сақталады. Кабинет
басшылығына жоғары маманданған мұғалім қойылады. Әдістемелік кабинетте
мұғалімдер білімдерін өз бетімен көтеру үшін қажетті мәліметтерді ала алады.
Мектептің әдістемелік кабинетінде жақсы сабақтардың және сыныптан тыс
шаралардың даярламасы іріктеліп қойылады, ондағы материалдар мұғалімдер
мен оқушылардың бірлескен жұмысының тиімді түрін таңдауға негізделген.
Мектептің әдістемелік кабинетінде компьютер болуы қажет, онда мол
әдістемелік мәліметтер жинағы сақталуы керек.
Мектептің
әдістемелік
кабинетінде
әрбір
пән
бірлестіктерін
(кафедраларына) арналған бұрыштар болуы шарт. Онда сол пән бірлестігі
(кафедра) мүшелерінің шығармашыл жұмыстары, папкалары, сонымен қатар
жыл сайынғы беретін сабақтарының видеокассеталары, электронды оқулықтар
жиынтығы және т.б. материалдар болуы керек.
191
Егер әдістемелік кабинет қазіргі талапқа сай жабдықталса оның
мұғалімнің шығармашылығын арттыруда өз үлесін қоспақшы.