К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет37/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

– білім беру 
саласының менеджерлері.
Білім беру процесінің менеджері дегеніміз –
адамның біліммен сусындауына мүмкіндік жасайтын адам. Білім – тұңғиық 
әлем, орасан зор күш. Сонымен қатар, ол менеджер үшін бизнес те болып 
табылады: жекеше мектеп және коммерциялық жоғарғы оқу орындары, 
министрлік қызмет және халықаралық әріптестерімен бірлесу, кәсіби деңгейін 
көтеру, жетілдіру және т.б. 
Міне, сондықтан да, дәл қазіргі уақытта білім менеджерлерін дайындау 
өзекті. Ол білім жүйесінің тиімді қызмет етуі мен оның бағытын анықтап, білім 
жүйесінің жоғары сападағы мамандарын қалыптастырудың негізгі факторы 
болып табылады. Білім беру мекемелерін менеджменттен арнайы дайындығы 
бар, мемлекеттік үлгідегі құжатпен расталған мамандар ғана басқаруға тиіс. 
Білім беру мекемелері мен білімді басқару органдарының басшылары мен 
менеджерлерінің білімін жетілдіріп отыруын тұрақты жолға қою қажет. 
Педагогикалық менеджмент мәселелері де Қазақстан ғалымдарының 
еңбектерінен де көрініс табуда. Қазақстандағы білім беру жүйесін ұйымдастыру 
және басқару мәселелерін отандық ғалымдар бірнеше бағытта зерттеді.
Білім беру жүйесіндегі менеджмент – бұл оқу-тәрбие процесінің сапасын 
арттыруға бағытталған басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру 
формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Әрбір педагог оқу-
танымдық процестің менеджері (оны басқару субъектісі ретінде), ал басқарушы 
– тұтас оқу-тәрбие процесінің менеджері деп көрсетуге болады. 
Мектептегі басқаруды әртүрлі кезеңде әр бағытта зерттегендер:
В.А.Караковский; В.А.Сухомлинский; Н.В.Сорока-Росинский, С.Е.Хозе;
Е.А. Ямбург. 
Мектепті басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеген 
ғалымдар: 
Қ.Ж.Қарақұлов; 
Н.Д.Хмель; 
Г.Т.Хайруллин; 
А.К.Ахметов;
Г.А.Уманов; А. П. Сейтешев; Р.М.Қоянбаев; және т.б. 
ХХ ғасырдың 40-жылдары менеджменттің психологиялық жақтары 
қарастырыла бастады: өндірістің тиімділігіне адамдар арасындағы тұлғааралық 
қатынасты реттеу арқылы жетуге болады. 


33 
Жоғары педагогикалық білімді басқару (З.А.Исаева, С.Т.Каргин, 
А.А.Калюжный, 
С.И.Қалиева, 
Қ.С.Мусин, 
М.Н.Сарыбеков, 
К.С.Успанов, Н.Н. Хан және т.б.) мәселелерін кеңінен қарастырып келеді. 
Білім беру саласындағы менеджмент (Т.Баймолдаев, Б.А.Қойшыбаев, 
К.Н.Нарибаев, К.Ж.Аганина, Г.Б.Нурлихина, З.М.Садвакасова және т.б), 
инновациялық білім беру (Г.К.Нұрғалиева, Ш.Т.Таубаева, К.Д.Бузаубакова 
және т.б) негіздеріне арналған зерттеулер жүргізді.
Қазіргі ЖОО-н менеджмент негізінде басқарудың ғылыми-педагогикалық 
негіздерін 
Е.Ш.Қозыбаев 
қарастырса, 
ЖОО 
құрылымында 
мектеп 
менеджерлерін дайындаудың педагогикалық шарттарын З.М.Садвакасова, 
ЖОО қызметкерлері басшыларының басқарушылық шешімдерді қабылдау 
дағдыларын қалыптастыру мәселелерін Ю.А.Мастобаев, ал жоғары оқу 
орындарындағы инновациялық білім беру процестерін басқаруды кәсіби 
қалыптастыруды П.К.Искакова өз зерттелеулерінде ашып көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет