Партисипаттық ұйымдастырушылық мәдениетте (Z доктринасы,
ТQМ – сапасымен жалпылама басқару тұжырымдамасы) басқаруда негізгі
жағдайлар былай болжанады:
-
қызметкерлердің көпшілік бөлігі жеке мүдделерінен тыс жатқан
мақсаттарына жету үшін жанталаса еңбектенеді;
-
әрбір жеке адам өзінше ерекше, сондықтан стандарты басқарушылық
көзқарас іске аспайды, олар нақты бір адамға және осы жағдайға арналып
құрастырылған болуы тиіс;
-
көп адамдардың күштерін үйлестіру үшін топ мүшелері арасында
тиянақты байланыс болуы қажет;
-
команданың энергиясы олардың жетістікке жетуіне бағытталған,
осыдан барып басшылықтың жаңа түрі және басқарушылықты меңгеру,
команданың барлық мүшелерінде дағды болатындай етіп айрықша мақсаттар
құрастырылады.
-
команда құру процесінде, жалпылама жұмысқа салынған жекеленген
күштерді және алынған нәтижелерді бағалау (және өзіндік баға беру), бірлескен
жұмыстарды жоспарлау, мәселелер мен келешектерді талдауда команданың
барлық мүшелерінің белсенді қатысуы болжанады.