Сабақ сыныбы өтілген уақыты Сабақтың тақырыбы : Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата07.05.2017
өлшемі382,12 Kb.
#16096
түріСабақ
  1   2   3   4
Ашық сабақ

сыныбы


өтілген уақыты
Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларды шартты операторының синтаксисімен таныстыру; жағдайға байланысты шартты және шартсыз операторларды тиімді әрі білімділікпен қолдануды, Windows үшін Visual Basic 6.0 объектілі-бағдарлы бағдарламалау ортасында қосымша құра білу, қосымша жасауға пайдалану жолдарын меңгеру.

ә) дамытушылық: шартты операторды тиімді әрі білімділікпен қолдана алу, біліктілігін қалыптастыру. Алгоритмдік ойлау стилін жетілдіру және логикалық ойлауды дамыту.


1 слайд, №1 флипчарт


б) тәрбиелік: Компьютерлік техниканы дұрыс, ұқыпты ұстауға, бағдарлама құру мәдениеттілігіне, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жаңа ұғымдар мен терминдер:

If, then, else, қызметші сөзі, шарт, логикалық өрнек, ақиқат, жалған, тармақ.



Білім мен біліктілкке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:



  • Шартты операторы түсінігін;

  • қызметші сөздер аты мен мәнін;

  • If, then, else операторларының қызметін;

  • қызметші сөздердің жазылу синтаксисін;

  • программа құру процесінде қолданылу тәртібін, жолдары мен тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • есептің берілуіне қарай операторларды таңдай және қолдана білуді;

  • программа құруды дұрыс ұйымдастыруды;

  • бағдарламаны қалыптауды;

  • программаны тестілеу жолдарын;

  • бағдарламаны сақтауды, оны ашуды.


Сабақ жоспары:

  • If, then, else операторлар қызметін талдау;

  • If, then, else операторлар қолдану тәсілдерін үйрену;

  • Есептерді шешуде If, then, else операторларын қолдану программаларымен эксперимент жүргізу;

  • Өздік жұмысты орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Ash_10.flp атты флипчарт, Test_10.flp файлдары және A_cabak.ppt атты презентация файлы

Техникалық құралдар: компьютер, интерактиктік тақта, Activote құралы

Компьютерді, тақтаны пайдалану уақыты: 25-30 минут

Пән аралық байланыс: математика, физика, экономика, қазақ тілі, биология

Түрі: Жаңа білім меңгерту

Әдісі: көрнекілікті (демонстрациялық) баяндау

Құрылымы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Білімдерін тексеру

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

V. Түсінгенін тексеру

а) Практикалық жұмыс

б) Тест


VI. Бекіту, бағалау

VII. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын түгендеу.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексеру.

Өткен материалдарды игеруін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:




  1. Енгізу және шығару функциялары қандай қандай қызмет атқарады?

  2. Label және TextBox компоненттерінің айырмашылығы неде?

  3. Код жазу синтаксисі қандай?

  4. InputBox және MsgBox функциялары қандай синтаксисте жазылады?


№2 флипчарт

Жаңа сабақ мазмұны.
Кейбір есептердің шешуі тек сызықтық алгоритммен қалмайды, сонымен қатар әр түрлі есептеу жолдарын қарастырады. Алгоритм құрған кезде бір немесе басқа әрекетті орындағанда «жағдай бойынша әрекет ету» қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Мысалы:


Біз ауа райына байланысты күн сайын әр түрлі киінеміз. Егер күн суық болса, онда пальто, ал әйтпесе куртка киеміз.

Көшеде де тұрып: автобус келе жатыр ма екен деп қараймыз. Егер иә болса, онда біз оған отырамыз, ал әйтпесе – жаяу кетеміз.


№2-8 слайд, №3-8 флипчарт

Матаматикада:

1. Қарасай батыр бабамыз 1684 жылы Арқада қалмақтармен соғысады. Со кезде ол 20 жасар жігіт еді. Қарасай батыр бабамыздың туған жылы тақ сан ба, әлде жұп сан ба?

2. х аргументінің берілген мәні бойынша функцияның мәнін есептейтін бағдарлама жаз:



y=


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет