298
Мотивациялық-тұлғалық бөлік оқушылардың оқу процесіне ынталығын
қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізгі бөлім жүйесі мен жаңа бөлімді өз
бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу-
танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігердің болуы және
оны өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды (91-сурет).
Көшбасшылық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет
атқарады: мотивациялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық
белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды
және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын
қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің
белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: