Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы – олармен білім
берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен
қарастырылған оқу пәндерінің көлемін игеру дәрежесін анықтау мақсатында
жүргізілетін рәсім.
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауы – білім беру
ұйымдарымен ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттың талаптарына сәйкес келуін бақылау мақсатымен
жүргізілетін рәсім.
Бірінші деңгейдегі инновация – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің
сандық өзгерісімен сипатталады.
Даму стратегияларының түрлері – жуырдағы келешекке деген ұйым
мінез-құлқын жалпылайтын модель түрлері.
Демократиялық (жариялылық) стиль – басшылық бөлінеді,
басшылыққа педагогтер да қатыстырылады, жауапкершілік бөлінеді.
Диверсификация – білім беру қызметінің деңгейі мен түрлеріне
сұраныстың артуы, білім берудегі ілеспелі және қызмет ететін іс-әрекет
сферасының дамуы (көлік мектебі, жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету,
өндіріс және т.б.).
338
Дифференциация – нарықты ырықтандыру жағдайында халықтың
әртүрлі қажеттіліктерінің үдемеленуінен білім беру қызметінің неғұрлым арту
шарты.