ГЛОССАРИЙ
Авторитарлық (өктемшіл) стиль
– басшының жеке басының
үстемдігіне негізделген басшылық, басшы әрбір қарамағындағылардың іс-
әрекетін тек өзі анықтайды, ал қарамағындағылар оны бұлжытпай орындауға
міндетті.
Академиялық қабілет
– мұғалім қабілетінің пән саласына (математика,
физика, биология, әдебиет және т.б.) сәйкестігі. Мұндай мұғалім өз пәнін
өскелең өмір талабына сай біледі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Алтыншы деңгейдегі инновация
– жүйелі түрленуші қызметтік
принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін
сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
«Артық өндіру»
– білім беру қызметтері туралы ұсыныстармен нарықты
қанықтыру.
Ашықтық
– адамның өзгелерге өз ішкі дүниесін ашуға дайын тұруы,
ойларын ашық айта білуі.
Ақпараттық технология –
қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Достарыңызбен бөлісу: |